Untitled Document

Тарих - «Армян геноциди» немесе Ресейлік архивтер Армяндардың өтірігін ашты

Стамбул Университетінен зерттеу жұмыстарымен міндеттелген Мехмет Перинчек Ресейдің астанасы Мәскеудегі Ресей Мемлекеттік Әскери Тарих Архивінде (РМӘТА) жасаған ұзақ зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Бірінші дүние жүзілік соғысы кезіндегі Ресей Патшасына Кавказ әскерлерінің қолбасшысы Контрадмирал Леонид Болховитиновтың 1915 ж орталыққа жіберген 65 беттік мәлімдемесіне қол жеткізді. Онда «армян геноциды» деген негізсіз, өтірік пропоганданың ағылшындардың айдап салуымен басталғанын және армяндардың ерікті қаруланған топтары Ресей Патшалығын ішіндегі мұсылман халықтарын “қырғынға ұшыратқаны” туралы жазылған.

Болховитиновтың мәлімдемесінен үзінді:

«Европалықтар мақсаттарына жету үшін армяндардың құлағына “Тәуелсіз Армения” пікірін құйып отырды. Бұл үшін армян диаспорасының зиялыларын қолданды. Бұл зиялылар арқылы Осман империясында өмір сүретін армяндарға “көтеріліс шығарып қан төгіп Еуропа қоғамын” сілкіндіру керектігін кеңес берді. Армян қарақшылары жасанды көтерілістер шығарып, тығыз пропогандалы әрекеттер жүргізіп, мұсылман халқына шабуылдар ұйымдастырып, қанды қырғындарды тұтандырды.»

Болховитиновтың 27 қаңтар 1915 ж Карс әкіміне жазған телеграфында: Генерал Истомин, Гуляберт аймағында Ардаханнан Ахылкелек және Карс қаласына дейінгі жолдардағы жергілікті тұрғындарға шабуылдар ұйымдастырып өнеркәсіп және астық қоймаларын тонап жүрген грек және армян бандаларының пайда болғанын айтқан.

Абатсиев те жазған бір телеграфында армяндардың 20 түрік балаларын тірідей турап тастағанын білдірген.

Ең берісі, Орталық азияны отарлау кезінде орыстардың өзі армяндардың қанішер «ташнаксутюн» партиясына бағынатын армян қарақшы топтарын қалай пайдаланғанын ұмытқан емеспіз.