Практикалық мәліметтер - Үй үшін
- Тоңазытқыштағы ылғалды кетіру үшін ішіне тұз салынған ыдыс қою керек.
- Болаттан жасалған қазанды жуғаннан кейін дереу құрғату керек.
- Жарылған қолдар жатардан бұрын 10 минут жылы суға салынады. Сосын крем жағып, қолғап киіп жатады.
- Ақ киімдер қайнататын суға бірнеше жұмыртқаның қабығын салса қардай аппақ болады.
- Ыс дақтарын кетіру үшін дақтың үстіне лимонды сығып, тұз сеуіп, уқалап жуады.
- Суреттердің қабырғаға із қалдырмауы үшін екеуінің арасына жұқа мата қойылады.
- Миксерді тазалау үшін ыдыс жартысына дейін ұнтақты суға толтырылып, 5-10 секунд іске қосылады. Суын төгіп, тазалап кептіреді.
- Пеш темірінің астына алюминий қағаз салынса, төгілген нәрселер оңай тазаланады.
- Бақыр заттарды тазалау үшін лимон және тұзбен ысқыланады. Күл де бұл заттарды жылтыратады.
- Әйнектерді тазалау үшін сіркелі сумен сүртіледі. Дақ қалса судың ішіне біраз аммиак салынады.
- Пісірілетін көкөністердің түсін жоғалтпау үшін алдымен мол мұзды суға салынады.
- Пияздың үстіне біраз ұн сепсе қуырғанда қараймайды.
- Баклажанның ащысын алу үшін кесіп тұзды суға салады.
- Айранның барлық витаминдері мен минералдары оның суында.