Untitled Document

Сұхбат - САУДАДА ӨТІРІК АЙТУ

Бір кісі саудада өтірік айтатын болса, Аллаһу та’аланың рахметінен макқрұм қалады. Пайғамбарымыз “алейһиссалам” хадис шәрифте: «Қиямет күні Аллаһу та’ала үш түрлі адамға рахмет назарымен қарамайды:

  1. Саудада өтірік айтып, өте қымбат бағаға мал-мүлік сатқанға.
  2. Атүсті не болса соған ант ішкенге.
  3. Өзінде су бола тұра басқа бермегенге.»

Суы жоқ болғандарға су бермген кісілерге қиямет күні: Аллаһу та’ала былай деп бұйырады: «Сендер менің суымды құлдарыма қимадыңдар! Ендеше сендерден рахметім ұзақ.»

Бір нәрсені сатып алғаны үшін өкінген кісі қайтып алып келсе, сол мал-мүлікті кері ал! Өйткені кері алғаннан зиянға ұшырамайсың. Аллаһу та’ала берекесін беріп, он есесін береді.

Таразыда құлық жасағандар туралы Аллаһу та’ала “Мутаффифин сүресінде” «Өлшеу, тартуда кеміткендерге қатты азап бар.» деген.

Құл хаққынан қорық! Қарызың болса төлеуге тырыс. Бір тиын қарызы бар кісінің жаназа намазын Пайғамбарымыз оқымаған. Сол қарызын өтемейінше адам Жәннатқа кіре алмайды.

Сұхбат - Ақиқа сою

Перзент бергеніне алғыс ретінде Аллаһу та’алаға шүкіршілік ету ниетімен сойылған құрбандық ретіндегі ие мал ақиқа деп аталады. Еркек үшін 2, қыз үшін 1 ақиқа малын сою Ханафи мазһабында мүстахаб болып саналады. Ақиқа малы барлық уақытта сойыла береді. Бірақ, Құрбан айтта құрбандық малын табу оңай болғандықтан осы күндерде сою ыңғайлы. Етті сойған адамның алуына болады, пісірілген және шикілей түрінде бай, кедей жалпы барлық адамға беруге болады. Ақиқа балаларды түрлі бәле-жаладан, аурудан қорғайды. Қияметте ата-анаға шапағатын тигізеді.