Денсаулық - Қара жүзім және дәндері
Салауатты өмір сүру үшін барлық мезгілдің жемістерінен, көкөністерінен және көкшөптерінен тұтыну керек. Табиғи жемдермен қоректенген жануарлардың еті, сүті және жұмыртқасы табиғи болмағандардан пайдалырақ болып келеді. Ал жүзімнің дәні соңғы жылдары “денсаулықтың табиғи эликсирі” атанды.
Қара жүзім
- Қара жүзім өкпе ауруларына, ұмытшақтыққа, қан аздыққа және бас ауруына жақсы көмектеседі.
- Қатерлі ісікке қарсы жүзім жеген жөн.
- Тамырларды күшейтеді.
- Тамыр қатаюының алдын алады.
- Ас қорыту жүйесін реттейді және жеңілдетеді.
- Буындардағы ауруларды және тұз жиналуының алдын алады.
- Піспеген жүзімнің шырыны жүрекке және гастритке жақсы келеді.
Қара жүзімнің дәні
- Қантты диабет және варикоз ауруларына өте пайдалы келеді.
- Көзді катаракт ауруынан қорғайды.
- Компьютер алдында көп отыратындарға көз саулығын қорғауда маңызды.
- Аллергияның алдын алады.
- Ревматизмдік аурулардың қабынуын және ауыруын азайтады.
- Жүзім сүйегі согынан жасалған 100 мл капсулаларын, аурулардан қорғану үшін күніне 1-2 капсуладан ішіп тұруға болады.
- Капсуланың орнына 1 уыс қара миіз де болады.
- Дәндерді шайнап жегенде әсері көп болады.
- Дәндері косметика саласында шампунь, сабын өндірісінде де қолданылады.
Антиоксидан ретінде С витаминінен 20 есе, Е витаминінен 50 есе үстем.