Untitled Document

Сұхбат - Дінімізде қыз баланың орны

Әйелдерді, қыздарды қадірлемейтіндер – мұсылмандықты білмейтін надандар. Дінін білетін мұсылман қыз балаға және әйелдерге лайықты құрметті көрсетеді. Өйткені дініміз әйелдерді және қыздарды өте қадірлі еткен. Бұған байланысты бірнеше хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

“Текті және құрметті адам ғана әйелдерді қадірлейді. Оларды тек жаман және төмен адамдар қорлайды.” (И. Асакир)

“Аллаһу та’аладан жақсы (қайырлы) бала сұрадым. Маған қыз балаларды берді.” (Шира)

“Қыз балаларды қорламаңдар, өйткені мен қыз балалардың әкесімін.” (М. Жихан)

“Кімде-кім қыз баласына жақсы тәрбие беріп, Аллаһу та’аланың берген ниғметтерімен молшылық ішінде қоректендіріп, киіндірсе, қыз бала ол үшін береке болады. Жаһаннамнан құтылып Жаннатқа оңай кіруіне себепші болады.” (Табарани)

“Базардан алғаш шыққан жемісті үйіне алып келген адам садақаның сауабын алады. Алып келген жемістерін ұл баладан бұрын қыз балаға берсін! Әйелдерін, қыздарын қуантқандар Аллаһтан қорқып жылағандар сияқты сауап алады. Ал Аллаһтан қорқып жылағандардың денесі Жаһаннамға харам болады.” (Ибн Ади)

“Кімнің қыз баласы болып, олардың қиыншылықтарына төзіп, жақсы жетілдіріп теңімен үйлендіретін болса, бұл қыз балалары ол үшін Жаһаннамнан перде болады.” (Тирмизи)

“Үш қыз баласын тәрбиелеп, теңімен үйлендірген және оларға жақсылық жасаған адам Жаннатқа барады.” (Бухари)