Untitled Document

Сұхбат - Хазреті Мәһди

Хазреті Мәһди пайғамбарымыз тарапынан қияметке жақын келетіндігі айтылған қасиетті тұлға болып табылады. Бұл кезге дейін көптеген жалған Мәһдилер шыққан, әлі де шығуда. Алайда, Ибни Хажер Меккидің «Аламатул-Мәһди» және Имам Суютидің «Әл-Бурхан» кітаптарында Мәһдидің 200-ге жуық сипаты жазылған. Олардың бірнешеуі:

- Мәдинада туылып, Меккеде танылады.

- Өз есімі Мұхаммед, әкесінің аты Абдуллаһ болады.

- Иығында пайғамбарлық мөр сияқты мөр болады.

- Мүжаддид-мүжтахид болады.

- Ғылым мен әулиелікте дәрежесі өте жоғары болады.

- Басының үстінде ақ бұлт болады. Бұлттан бір періште «Бұл Мәһди. Оның сөзіне бағыныңдар»дейді.

- Қаламаса да халифа болып сайланады.

- Ижтиһады Ханафи мазһабына сай болады.

- Барлық мұсылмандар оған бағынады.

- Көп мал-мүлікі болып, таратады.

- Құдысқа (Иерусалим) хижрет етіп, дүниеге үстем болады.

- Асхаби каһф оянып, көмекшілері болады.

- Көктен түскен Иса пайғамбармен кездесіп, екеуі бірге Дежжалды өлтіреді және бүкіл әлемді әділ түрде басқарады.