Отбасы - Тұрмысқа шығудың жауапкершілігі мен пайдалары – (2)
Сонда пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уәссәлләм” ол әйелге қарата былай деді: «Ей, әйел! Тұрмысқа шығудың сауабы туралы да хабар берейін, тыңда! Қандай да бір әйелдің күйеуі оған Аллаһу та’ала разы болсын десе, алпыс жыл ғибадат етуден жақсы. Және күйеуіне бір жұтым су берсе, бір жыл ораза тұтудан абзал. Ерінің төсегінен тұрғаннан кейін ғұсыл алса, бір құрбан шалғандай сауап алады. Және халалына (күйеуіне) қулық жасамаса, ол үшін көктегі періштелер тәсбих айтады. Және халалымен бірге болса, алпыс құлды азат етуден қайырлы. Ерінің ризығын қорғаса және ерінің туыстарына мейірімділікпен қараса және бес уақыт намазын оқып, оразасын тұтса, мың рет Қағбаға барудан абзал.» Фатима “радиаллаһу анһа” бір әйел күйеуін ренжітсе, оның халі қалай болады, дегенде, «Бір әйел еріне бағынбаса, Аллаһу та’аланың лағнеті соның үстіне болады, күйеуімен халалдаспайынша, құтыла алмайды және ерінің төсегінен қашса, барлық сауабы кетеді және еріне қарсы тәкаппарланса, Хақ та’ала оған ашуланады. Күйеуіне «сен менің басқарушымсың ба?» десе және «сенен не көрдім?» десе, Аллаһу та’ала оған ниғметін харам қылады. Ондай әйел ерінің қанын тілімен жаласа да ерінің ақысын орындаған болмайды. Күйеуінің рұқсаты мен көшеге ашық шықса, күйеуінің амал дәптеріне, мың күнә жазылады, рұқсат бергені үшін» деп бұйырды. Рұқсатсыз шыққан әйелдердің халі қандай болатындығын осыған қарап білуге болады.