Untitled Document

Отбасы - Тұрмысқа шығудың жауапкершілігі мен пайдалары – (1)

Хазреті Әлиден “кәррәмаллаһу та’ала уәжһәһ” риуаят етіледі, бір күні, Расулуллаһ “саллаллаһу алейһи уәссәлләм” алдына бір әйел келіп, «Йа, Расулаллаһ, тұрмысқа шығуды қалаймын, не бұйырасыз» деді. Оған былай деді: «Әйелдің еріне деген хақылары көп. Соларды жасай аласыз ба?» Ол әйел «Йа Расулаллаһ! Ердің хақысы не?» деді. Пайғамбарымыз былай бұйырды: «Сен оны ренжітсен, Аллаһқа бағынбаған боласың және намазың қабыл болмайды.»

Ол әйел айтты: «Тағы да бар ма?» Пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уассәлләм” былай бұйырды: «Қандай да бір әйел, ерінен рұқсатсыз үйінен сыртқа шықса, әрбір қадамына күнә жазылады.» Әйел тағы бар ма? деп сұрады. Расулуллаһ “саллаллаһу алейһи уәссәлләм” бұйырды: «Күйеуіне жаман сөз айтса, қияметте тілін суырып желкесінен шығарады.» Ол әйел «тағы да бар ма?» деді. Пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уәссәлләм” былай бұйырды: «Қандай да бір әйел, малы бола тұра, күйеуіне қажет нәрселерді бітірмесе, ақыретте сол әйелдің жүзі қара болады.»

Әйел: Тағы қандай міндеттері бар? – деді. Расулуллаһ “саллаллаһу алейһи уәссәлләм” былай бұйырды: «Қандай да бір әйел, күйеуінің мал-мүлкінен ұрласа және басқа біреуге берсе, және ерімен халалдаспаса, Аллаһу та’ала сол әйелдің зекеті мен садақасын қабыл етпейді.» Әйел айтты тағы да не айтасыз? Расулуллаһ “саллаллаһу алейһи уәссәлләм” былай бұйырды: «Қандай да бір әйел, күйеуіне тіл тигізсе немесе қарсы шықса, қияметте тілінен асылады және қандай да бір әйел музыкалық аспаптарды тыңдауға барса және оған ақша беретін болса, жас кезінен бері тапқан сауаптары жойылады және үстіндегі киімдері шағымданады, бізді мүбәрак күндерде кимеді және халал жерлерде кимеді, харам жерлерге барды дегенде, Хақ та’ала бұйырады, осылай жасаушы әйелдерді, мың жыл тозақта жақсам керек.» Әлгі әйел осы нәрселерді есітіп: «Йа, Расулаллаһ! Осы уақытқа дейін тұрмысқа шықпадым, будан кейін де шықпаймын» деді.

(жалғасы ертең)