Сұхбат - Ихлас – халас
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм): «Намаздарыңызды ықыласпен оқыңдар! Себебі жандарыңдағы періштелер сендердің амал, намаз бен ғибадаттарыңды көкке алып кетеді, көкке бара жатқанда, көптеген періштелер, осы ғибадаттарды көреді:
- ші қабаттағы періштелер өтірікшілердің ғибаттарын өткізбейді.
- ші қабаттағы періштелер намаз оқығанда дүние ісін ойлағандардың намазын өткізбейді.
- ші қабаттағы періштелер өз намазын ұнатқандардың намазын өткізбейді.
- ші қабаттағы періштелер тәкаппарлардың, яғни өзін жақсы көргендердің намазы өткізбейді.
- ші қабат періштелер іші тар, қызғаншақтардың намазын өткізбейді.
- ші қабаттағы періштелер жүрегінде мейірім шапағат болмағандардың намазын өткізбейді.
- ші қабат періштелер атаққұмар мен ашкөз болғандардың намазын өткізбей кері қайтарады.» Осы жағдайды Пайғамбарымыз айтқан кезінде, барлық Сахабилер (радиаллаһу та’ала анһум ажмаин) жылады.
Сұхбат - Қабыр азабы...
Төмендегі төрт нәрсе қабірде азап тартуға себеп болады:
- Өтірік айту,
- Киіміне сідік шашрату,
- Аманатқа қиянат жасау,
- Ғайбаттау.
Төмендегі мына төрт нәрсе де қабір азабынан сақтайды:
- Бес уақыт намазды өз уақытында және жамағатпен оқу,
- Құран кәрим оқу,
- Садақа беру,
- Салауат оқуды жалғастыру.