Күннің тарихы - Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні
СПИД бастапқыда гомосексуалды еркектерде, жезөкшелерде, есірткі қолданғандарда кездескен. Кейіннен жыныстық қатынас, қан ауыстыру және тұқым қуалау жолдарымен басқа адамдарға да тарай бастады. СПИД ауруын батыстың шектен асқан еркіндігінде өмір сүретін, неке, намыс, руханият, кие дегеннің не екенін білмейтін жағдайға жеткен және ақша, комфорт, ішімдік, есірткіге салынған адамдар таратып отыр. СПИД микробы ВИЧ деп аталатын вирус болып табылады. Денеге енгеннен кейін одан құтылудың жолы әзірге табылған жоқ. Ең кеш дегенде 5 жылда адам қайтыс болады. Өте ауыр созылмалы ауру. Шалдыққандардың 80% астамының өліміне себеп болуда.
Біріккен ұлттар ұйымы СПИД агенттігінің (UNAIDS) берген мәлімдемесі бойынша ВИЧ вирусына шалдыққандардың саны дүние жүзінде биыл 33,2 миллион. Бұлардың шамамен 30,8 миллионы 15-49 жас аралығындағылар, ал 2,5 миллионы 15 жастан кіші балалар. ВИЧ вирусын жұқтырған ересектердің 15,4 миллионы әйелдер. Биыл дүние жүзінде 1,7 миллион ересек, 330 мың бала, жалпылама 2,1 миллион адамның СПИД-тен өлгені айтылды. 2,1 миллион ересек, 420 мың бала, жалпылама 2,5 миллион адамның ВИЧ вирусын жұқтырғаны мәлім болды.
Мәлімдемеде өткен жылы шамамен 40 миллион болған СПИД оқиғалары бұл жылы шамамен 33,2 миллионға түскенімен СПИД-тің әлі де күніне 5 мың 700 адамның өліміне себеп болып жатқаны атап айтылды.
СПИД-тің алдын алу және емдік шаралары үшін жаһандық түрде жедел әрекеттерге көшу және қаржыландыруды арттыру керектігі айтылды.
ВИЧ вирусының денеде көбеюі және активтенуінің алдын алатын дәрілердің саны соңғы екі жылда көбеюінен СПИД оқиғаларының азайғанымен науқастардың көбінің бұл дәрілерге жете алмауының салдарынан ең құнды шығынды, өлімдерінің төрттен үші СПИД-тен болған Африканың өтегені айтылды.
Африкадан үміт беруші хабарлар келгенін білдірген мәлімдемеде Ботсвана, Камерун, Чад, Кения, Малави, Того, Замбия және Зимбабведе өлім деңгейінің қарқынды азаюы байқалғаны қоса айтылды.