Untitled Document

Сіз білесіз бе? - Қызық жаңалықтар

XVIII ғасырда өмір сүрген ағылшын теңізшісі Джэймс Кук Сосъет аралдарын (острава содружества) және Жаңа Зеландияны ашты. Бұлардың барлығын картаға түсіріп 1769 ж Австралияның шығыс жағалауларын ашты.

Жергілікті халықтың тілін түсінбеген Джэймс Кук олармен ымдап, қол әрекеттері арқылы сөйлескен.

Қалтасына баласын салып, артқы екі аяғымен секіріп жүретін, ұзын құйрықты жануарды көрген Кук, қол әрекетімен ымдап бұл жануардың атын сұрайды. Жергілікті адамдар «kangurоо» деп жауап қайтарады. Кейін бұл жануар дүние жүзіне осы атпен танылды.

Арадан 50 жыл өткенде XIX ғасырдың басында, «kangurоо» деген сөздің – Австралиялық аборигендердің «мен сені түсінбедім» деген сөзі – екені анықталды.

Күннің тарихы - Бағдаттың алынуы

Осман мемлекетінің тарихында Бағдат екі рет жаулап алынды. Қануни Сұлтан Сүлеймен хан 1533 жылы өзінің алтыншы жорығын Иран мемлекетіне жасады. Бұл жорықта Иран мемлекетінің біраз өңірлері Осман мемлекетінің қолына өтті.1534 ж 13 шілдесінде Тәбриз қаласы, 1534 ж 28 қарашасында Бағдат қаласы алынды. Осылайша 500 жыл Аббасилердің бас қаласы болған және Хазреті Имамы А’зам Әбу Ханифаның қабірі жатқан жер Осман мемлекетіне өтті.

Сұлтан IV- Мұрат ханның дәуірінде Бағдат қаласы Сафауи (қызылбас) мемлекетінің қол астында еді. Сұлтанның өзі бастаған жорықтың ақырында, 40 күндік қамаудың нәтижесінде Бағдат қаласы қызылбас шиит зұлымынан құтқарылыды. (24 желтоқсан 1638 ж) Сұлтан IV- Мұрат хан, Сафауилер тарапынан құлатылған хазреті Имамы Ағзам Әбу Ханифаның қабірін зиярат етіп, қайта жөндеуден өткізеді.