Untitled Document

Сұхбат - Қабірді зиярат ету (ІІ)

Зиярат кезінде қабірдің айналасынан айналу, қабірді сүю жаиз емес. «Хиндийа» фәтуа кітабында жалғыз әке-шешенің қабірін сүюге ғана рұқсат бар екені жазылған. Ата-анадан да артық болған әулие және пайғамбар кесенесін сүю де жаиз. Бірақ сауатсыздардың және қабір дұшпаны болған кейбір сектадағылардың дұшпандығына себеп болмау үшін сүймеген абзал. Қабір зияратында әулие немесе пайғамбардан шапағат сұрау әһли сүннет жолында мүмкін. Бір дертінің шешілуінде Аллаһу та’алаға оларды олардың құрметіне деп дұға ету керек.

 «Қабір зиярат етуге тыйым салған едім, бұдан былай зиярат қылыңдар, өйткені ахыретті еске салып тұрады» хадис шәрифі әйелдерге де қабір зияратына баруға болатынын көрсетіп тұр. Әйелдердің хижаб киіп, ешқандай бүлікке себеп болмай анда-санда қабір зиярат етулері жаиз. (Тахтауи)

Аскери хабар берген және Мунауидің «Күнуз» кітабында келген хадис шәрифте пайғамбарымыздың: «Яхья бин Зәкәрияның (пайғамбар) қабірі қайда болғанын білгенімде зиярат қылатын едім» дегені де қабір зиярат қылудың маңыздылығын көрсетуде.

Зиярат жөнінде кейбір адасқан тайпалардың далбасаларына алданбау тиіс. Бұл жайлы әһли сүннет ғұламаларының не дегендері маңызды, сектадағылардікі емес.

Шәһидтер сияқты пайғамбарлар мен әулиелер де Аллаһ жолында тірі болады. Бір аят кәримада былай делінген: «Аллаһ жолында өлгендерге “өлі” демеңдер, керісінше олар тірі, бірақ сендер мұны түсіне алмайсыңдар!» (Бақара 154)

Сондықтан тіріге қалай құрмет көрсетілетін болса, қабір зияратына барғанда, мәйітке де сондай құрмет көрсету керек.