Untitled Document

Әлем - Дұғаның емдік қасиеті

Америкалық ғалымдар өзі үшін біреудің дұға қылып жүргенін білетін науқастардың тез жазылатынын анықтады...

Дұғаның күшін зерттеген АҚШ-тық ғалымдар бақыттың негізі болған сенімнің және ғибадаттың адам денсаулығы үшін өте маңызды екендігін ғылыми түрде дәлелдеді.

2000 жылдан беріге дейін дұға және ғибадат турасында жасалған 6000 зерттеу жұмыстарын тексерген “American Time” журналы, батыстың ғылыми әлемі ақырын ақырын дұғаның әсерінің мықты екендігіне көз жеткізе бастағанын жазды. Журналдың басты бетіне шыққан ғылыми мақалада науқас адамның біреу ол үшін дұға етіп жүргенін білуі емін жылдамдатқанын, ал өзі үшін дұға етіп жүрген адамның барынан бейхабар адамда бұл әсер көрінбегенін мәлімдеді. Мамандар мұны “Placebo” әсеріне ұқсатуда. Яғни ауру кетіруші (обезболевающее) деп берілген қарапайым шекер таблеткаларының ауруды кетіргені секілді өзі үшін бір кісінің дұға етіп жатқанын білетін науқастарда да “өздерінің жазылатынын” ойлататын және психологиялық түрде өздерінің жақсаруын қамтамасыз ететіндігін алға қойды. Питсбург университеті медицина орталығы тарапынан жасалған зерттеулер бойынша да тұрақты түрде ғибадат ететіндердің өмір жасы ұзақ болатыны аңғарылды.

Құрметті оқырман!

Күнтізбе беттерінде Құран Кәримден аяттар, хадис шәриф мағыналары, діни мағлуматтар, ұлы тұлғалар және тәбәрік есімдер болғандықтан, құрмет көрсетіп, лайықты болмаған жерлерге тастамауларыңызды өтінеміз.