Untitled Document

Бала тәрбиесі - Дін ілімдері

Бала - әкемен ананың қолындағы аманат. Баланың пәк жүрегі құнды қазына. Шырақ секілді, кез келген түрге ене алады. Кішкентайында ешқандай түрге енбеген таза күйде болады. Таза топырақ секілді. Таза топыраққа не ексең соның жемісі шығады. Балаға иман, Құран және Аллаһу та’аланың әмірлерін үйретіп оны орындауға дағдыландырса дін және дүние бақытына жетеді. Бұл бақытқа аналары, әкелері және ұстаздары да ортақ болады. Егер бұларды үйретпесе, орындауды әдетке айналдырмаса бақытсыз болады. Жасаған әрбір жамандығының күнәсі әке-шешесіне және ұстаздарына да беріледі.

Хадис шәрифте былай бұйырылды:

“Барлығың бір үйірдің бағушысы секілдісіңдер бағушы үйірін қорғағаны секілді сендер де үйлеріңде және қол астыларыңдағы адамдарды қорғауларың керек! Оларға Мұсылмандықты үйретулерің керек! Үйретпесеңдер олар үшін жауапты боласыңдар! ”

“Көп Мұсылман балалар әкесінің кесірінен Уәйл атты Жаһаннамға түседі. Өйткені бұлардың әкелері тек ақша табу және көңіл көтеру құмарлығына түсіп тек дүние істерін қуалап, балаларына Мұсылмандықты және Құран кәрімді үйретпеді. Мен мұндай әкелерден ұзақпын. Олар да менен ұзақ. Балаларына дінін үйретпегендер Жаһаннамға түседі.”

“Балаларына Құран кәрім үйреткендерге немесе Құран кәрім ұстазына бергендерге үйретілген Құран кәрімнің әр бір әрібі үшін қасиетті Қағбаны 10 рет зиярат еткеннің сауабы беріледі және қиямет күні басына дәулет тәжі киіледі. Бүкіл адамдар оны көріп қызығады.” (С. Әбәдийе)