Сұхбат - Әулиенің белгілері – (2)
Аллаһтың махаббатына бөленген және Жаратқанның досы, яғни әулие деген мәртебеге қол жеткізген кісі ешкімнің зиянын ойламайды, қаламайды. Жұрттарға мейірімділік көрсетеді, жаны ашиды. Адамдардың ахыреттегі бақыттылықтары үшін еңбек етеді. Сөзінде, уәдесінде тұрады. Аманатты сақтайды, ешкімге қиянат жасамайды. Адамдар жайлы жаман күмән, ғайбат және фитнадан ұзақ тұрады. Өзінікі дұрыс болса да таласпайды. Қиыншылықтарға, бәле-жалаларға сабыр етеді. Ниғметтерге шүкіршілік етеді. Әр жұмысын маманымен ақылдасып істейді. Күнәлардан, әсірісе имансыз кетуден қатты қорқады. Көп истиғфар (астағфируллаһ) айтады.
Қысқасы әулие ең жақсы адам деген сөз. Мұхаммед Сәлим хазреттен «бір адамның әулие екенін қалай білуге болады?» деп сұрағанда «Тәтті сөзі, көркем мінезі, жомарттығы, таласып тартыспауы, кешірімділігі және бүкіл адамдарға, жандыларға мейірімділігінен кісінің әулие екенін білуге болады» деген.
Бұрынғы замандарда Абдулқәдір Гейлани, имам Раббани, Ахмет Йассауи және Ахмет Руфаи хазреттері секілді муршиди кәмил болған әулиелер көп еді. Әулие екендіктері халық арасында кейбір белгілерінен білінетін еді. Ондай кісілердің белгілері, тақуалықтары кітаптарда кең түсіндірілген. Аллаһу та’аланың махаббатына қауышқан кісілерді әулие дейді. Басқалардың да қауышуларына арашы болатындарына муршид дейді.
Муршиди кәмилдің, яғни жол көрсетуші әулиенің, ұстаздың белгісі - ақидасының дұрыс болуы және Ислам үкімдеріне толық мойынсұнуынан аңғарылады.
Сөздерімен әрекеттері Исламға сай болмаған адам аспанда ұшса да, ұстаз бола алмайды.
Әулиемен сұхбаттасу, оны көру Аллаһу та’аланы еске алуға себеп болады. Аллаһтан басқа нәрселердің жүректен шығуына себеп болады. Аллаһу та’ала «Әулиелер сондай кісілер: Мен тілге алынсам олар еске түседі, олар тілге алынса Мен еске түсемін» деп бұйырған.
Пайғамбарымыздан алейһиссалам әулиенің белгілері сұралғанда «Оларды көргенде Аллаһ еске түседі» деп жауап берген.