Сұхбат - Әулиенің белгілері – (1)
Әулие кісілерді халықтың арасынан табуға көмектесетін өзіндік белгілерін ғұламалар төмендегідей білдірген:
- Әулиенің кереметі болады. Ғайыпты әулие түгіл, періштелер, тіпті пайғамбарлар да білмейді. Бірақ Аллаһу та’ала қаласа, қалаған құлына ғайыптан кейбір нәрселерді білдіре алады. Пайғамбарымыздың ғайыптан хабар берген көптеген мұғжизалары бар. Әулиелерден де ғайыпты білдірген көп кереметтер көрінген.
- Әулиені көрген адамның көңілі оған бейімделеді. Әулиенің әр сөзі, әр әрекеті Исламға толығымен сай болады. Қасындағы адамдардың жүректерінде Аллаһ қорқуымен махаббаты пайда болып, басқа нәрселерге деген қызығушылық өшеді. Әулие өлі (имансыз) жүректерді тірілтеді, тазалайды. Олардың қасында болғандардың күнә істеуге деген қалаулары жойыла бастайды.
- Сенімінде, ақидасында бұзықтық болған мазһабсыздар әулие бола алмайды. Амалда және ақидада бидғат қараңғылығы әулиелік нұрының жүректерге кіруіне кедергі болады. Жүрек бидғаттардан арынып, дұрыс сүннит ақидамен безенбейінше ақиқат күнінің сәулелері ол жерге түспейді.
- Әулие бүкіл жаман мінездерден ұзақ, жақсы мінездердің барлығын өзінде жинаған адам. Өзіне зияны тигендерді кешіреді, араздағанға жақсылық, сый-сияпат көрсетеді. Онда мал-мүлік, лауазым және атаққұмарлық болмайды. Мақтағанды ұнатпайды. Сынағаннан қорықпайды. Қарапайым мінезімен өзін ешкімнен үстем деп білмейді, ешкімді де қорламайды. Ілім иесі және ықыласпен құлшылық етеді.
(жалғасы ертең)