Сұхбат - Балалар мен жастар
Ата-аналардың балаларын тозақ отынан құтқаруы, өмірдегі оттан құтқаруынан да маңызды. Тозақ отынан құтқару – иманды, парыздарды, ғибадаттарды үйрету, дінсіз адамдармен жолдас болуына жол бермеу дегенді білдіреді. Тахрим сүресінің алтыншы аятында: «Өздеріңді, үй-іштеріңді және қол астындағыларды оттан қорғаңдар» деп бұйырылған.
Балаларына иманды, исламды үйретпеген ата-ана, балаларының исламнан махрұм қалуына және кәпір болуына себепкер болады. Балаларымен бірге өздері де тозақта мұның жазасын тартады. Әр мұсылман өз баласына иманның алты шартын жаттатып, мағынасын түсіндіруі керек. Мұсылман ата-ананың баласы балиғат жасқа толғанда, тек «Лә иләһә иллаллаһ Мухаммадун расулуллаһ» деумен мұсылман болмайды. Иманды және исламды білуі, сұрағанда түсіндіре білуі керек. Иманды түсіндіру – сенілуі керек 6 шартты білуі және сұрағанда айтып беруі. Исламды білу – Аллаһу та’аланың әмірлеріне және тиымдарына мойынсұну.
Ислам дініне сенбейтіндер: «Діндерді адамдар ойлап шығарған. Алғашында тотем, содан көп тәңірлілік, содан кейін жалғыз құдай пікірлері қалыптасты. Дін ғылымның, мәдениеттің дамуына кері әсерін тигізеді.» сықылды сөздерді айтып жастарды арандатуға тырысады. Исламға жала жабады. Жаратылыстану ғылымдарын, (яғни физика, математика, химия секілді ілімдерді) исламнан бөліп тастағылары келеді. Ислам дінін жаратылыстану ғылымдарына қарсы дін сияқты көрсеткілері келеді. «Жаратылыстану ғылымдарын үйрену үшін исламды тастау керек» деген түсінікті ұрандайды. Илмихал кітаптарын оқып, исламда жараьылыстану пәндерінің маңыздылығын түсініп, білген көзі ашық адамдар жоғарыда айтылған арандатушылыққа, жалаларға әлбетте сенбейді.