Сұхбат - Ілім малдан да қайырлы
Әрқашан дұрыс сенімде болуға, парыздарды орындап, харамдардан қашуға, тәубе етіп, парыз борыштарын өтеуге тырысу керек! Осыларды тек іліммен ғана дұрыс жасауға болады.
Хадис шәрифтерде бұйырылған:
«Кешке бір мезет ілім үйрену, түні бойы ғибадат еткенмен тең.» (Р. Насыхин)
«Азанда-кешке іліммен шұғылдану, жиһаттанда сауап.» (Дәйләми)
«Ілімге қатысты бір мәселе үйрену, жүз мәрте жасалған (нәпіл) намазынан да құнды.» (Ибни Абдилбәр)
Хазреті Али былай деп бұйырады:
«Ілім – малдан да қайырлы. Өйткені малды сен қорғасаң, ілім сені қорғайды. Малды жұмсаумен азайса, ілім пайдаланумен көбейеді.»
Хазреті Ибни Аббас былай деп бұйырады:
«Хазреті Сүлейменге мал, ілім мен патшалық осы үшеуінен таңдау еркі берілгенде, ол ілімді таңдады және соның арқасында қалған екеуі де берілді.»
Имам Ғазали хазреті былай деп бұйырады:
Адамдың басқа мақлұқаттан үстемдігі ілімінде, күш-қайратында емес. Мысалға, түйе адамнан да күшті, бірақ ірілігі жағынан үстем емес. Ал піл адамнан алып, бірақ батылдығы жағынан үстем емес. Арыстан адамнан да өжетті. Бірақ көп қоректенуінің салдарынан үстем емес. Олай болса ілім – үлкен қазына.
Ішіп-жеуден тыйылған адам өлуге айналса, ілім мен хикметтен мақрұм қалған жүрек те өлуге айналады. Олай болса, әһли сүннет ғалымдарының кітаптарын оқып, дінімізді дұрыс үйренейік.