Untitled Document

Мереке - Қуанышқа толы мереке күндері

Мереке күндері - діни және ұлттық тұрғыдан өте маңызды, ұлт болып бірге тойлайтын қуанышты күндеріміз. Қасиетті күндер мен түндерде күнәлар кешірілетіндіктен мұсылмандар бұл күндері өте қуанышты сезімде болады.

Мейрам күндері барлық адамдар таза киінеді. Балаларға жаңа киімдер алынады. Кедей, жетім адамдарды қуантады. Айт намазынан кейін қабірге зиярат жасалады. Өткендердің, туысқандар мен дін ұлыларының рухына бағышталып Құран оқылады, дұға етіліп, садақа беріледі. Содан соң отбасының үлкендеріне, достарға, туыстарға, таныстарға барып хал-жағдайларын сұрайды. Осылайша, мұсылмандардың мерекелерінде Ислам қоғамының мәдени мұрасы саналатын салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілген болады.

Ислам ахлақы - Харам істеуден қайтпау

Күнә істеуді ойлау, аз істесе де одан қайтпағандық болады. Ойлау, ниет етумен, қалаумен және шешім қабылдаумен болады. Шешім қабылдап бір рет істесе да қайтпағандық болады. Еш жасамаса, әрқашан жасауды ойласа, шешім қабылдауы харамнан қайтпағандық болмайды. Әрдайым істеуді көздеп, тіпті істеп өкінсе, артынан сол жамандығын тәрк етсе де қайтпағандық болмайды. Күнде көп рет жасап, әрбірінен кейін тәубе ету де харамда аяқ тіреп тұрып алу болып саналмайды. Тәубе еткенде, күнә істегеніне өкініп қайғыру және күнәдан дереу баз кешу және екінші рет қайталамауға шешім қабылдау шарт. Бұл үш шартты жасамай, жалғыз тілімен тәубе ету, өтірікшілік болады. Кіші күнәлардан қайтпай жалғастыра беру үлкен күнә болады. Ол бір үлкен күнәны бір рет істегеннен де үлкен күнә болады. Бірақ егер шын жүрекпен тәубе ететін болса, үлкен күнә да кешіріледі. Кішкентай күнәні кіші көру үлкен күнә болады. Кішкентай күнә істегенін мақтанып айту, үлкен күнә болады. Кішкентай күнә істеп жүретін кісілерді ғалым немесе салих адам деп санау да үлкен күнә болады. Кіші күнә жасағанда да Аллаһу та’аладан, оның азабынан қорқу қажет. Аллаһу та’аладан ұялмаса және азап етілетінін ойламаса үлкен күнә болады.