Untitled Document

Ғылым және техника - КҮНСІЗ АУЫЛ

Ғылым және техника күнсіз бір ауылға айнаменен күн туғызды.

Қысты күні күн сәулелерінен пайдалана алмаған Италиядағы Виганелла ауылының тұрғындары үлкен айна орнатып мұраттарына жетті.

Оссола тауларының арасында орналасқан шағын елді мекен, қыс келуімен таулар күнге кедергі болғаны үшін күндіздері де қараңғыда және суықта қалатын. Бұған шара іздеген ауыл тұрғындары, күн сәулесін шағылыстыру арқылы шешімін тапты.

185 адам өмір сүретін ауыл әкімі бір қырдың үстіне 8×5 метр көлемде айна орнатқызды. Қолдануы жақында бастаған айна күннің ауытқуын компьютермен қадағалап отырады.

Италиандық ақпарат орталықтарының мәліметі бойынша 1 тонналық айна ауыл аймағын күн сәулесімен жеткілікті мөлшерде қаматасыз етуде.

Құбыла бағыты қалай табылады?

Күнтізбемізде әр қала үшін берілген «Құбыла сағаты» қатарындағы уақыттарда күнге қарап тұрған кісі құбыла бағытына қараған болады. Өйткені күн бір тәулікде бір рет Қыбланың үстіне сәйкес келеді.

Кейбір қалалардың құбыла сағаты орнына (-) сызықша қойылған. Бұл сол қалаларда күннің Қыбла бағыты үстінен өтуі күн батқаннан кейін жүзеге асатынын және күндіз күнге қарап қыбла бағытын анықтау мүмкін еместігін аңғартады.