Untitled Document

Әлем - ҒАЖАЙЫП КӨЛ (ЛУТ КӨЛІ)

Лут көлі Иордания-Израил арасында, солтүстіктен оңтүстікке ұзындығы 74 км, шығыстан батысқа қарай ені 16 км. Ауданы 930 км2 және ең терең жері 401м, орталама тереңдігі 300 м. Құдыстың 24 км батысында орналасып, батыс тілдерінде “Өлі теңіз” деп аталып кеткен. Теңіз деңгейінен 369 м төменінде орналасып, дүниедегі теңіз деңгейінен ең төменгі көл болып есептеледі.

Лут көлінің тағы бір ерекшелігі суындағы тұздың тығыздығы өте жоғары болуы және тұздың мөлшері 27% болуы. Ал басқа теңіздерде тұздың мөлшері 3-4% ғана құрайды. Бұл көлге түскен адамның батуы және жүзу білмейтіндердің тұншығуы мүмкін емес. Жүзу желетін кигендей су адамды судың бетінде ұстап тұрады. Бұл көлдің бетінде отыруға да болады. Тұздың мөлшері көп болуының себебі судың тұрақты булануынан. Көлде балық та балдыр да жоқ. Тіпті судың бетінен ұшып өткен құстардың да өлетіні айтылады. Өте көне замандарда бұл аймақта Содом және Гоморра қалалары болған. “Пайғамбарлар тарихы” кітабында Ахмет Жәудет Паша былай деп жазған:

“Хазрети Ибраһим бауырының баласы Лут алейхиссаламмен бірге Бабилден Шамға қарай кеткен еді. Жолаушылық кезінде Лут алейхиссаламға Содом халқына Пайғамбарлық міндеті жүктелгені білдірілді. Бұл жердің тұрғындары кәпір және пасық болатын. Ешбір қауымның жасамаған азғындық әрекеттер жасайтын. Лут пайғамбар оларды дұрыс жолға шақырды, олар тыңдамады. Көп насихат айтты олар бәрібір қабылдамады. Хақ та’ала олардың басына тас жаудырды, зілзаламен қаланы асты үстіне төңкерді. Барлығын қырып жіберді. Тек қана Лут алейхиссалам жанұясымен түнделетіп шығып құтылды.”

Сол Содом және Гоморра қалаларымен оның айналасы, жобамен күнімізден 4000 жыл бұрын осы пәлекет нәтижесінде жердің түбіне батып жойылған. Үстінде осы көл пайда болған.