Untitled Document

Күннің тарихы - Хусейн Хилми Истанбули

Исламның ұлы ғұламаларының бірі Хусейн Хилми Ышық 1911 ж 8 наурызда (хижри 1329 ж) Стамбул қаласының Әййуб Сұлтан ауданында дүниеге келді. 2001 ж 26 қазанда (хижри 1422 ж) дүние салды.

Әййуб Сұлтан Рәшадийа Нумуне мектебін, содан кейін 1929 ж әскери лицейді үздік бітіріп шықты. Фармацевтика факультетіне түсіп әскери дәрігер болды. Гүлхане ауруханасында бір жылдық еңбек өтілін үздік аяқтап, аға лейтенант ретінде Әскери Медициналық оқу орнына әскери кеңесші болып тағайындалды. Осы жылдары химия факультетіне түсіп жоғарғы математика маманы Фон Мизес, техникалық механика профессоры У.Прагер, неміс физигі Х.Дембер, техникалық химия маманы Госс сияқты ұстаздардан дәріс алды. Неміс химигі, профессор Фриц Арндтың жанында жұмыс істеп, оның мақтауына ие болды.

1936 жылы Түркияның алғашқы химия саласының жоғарғы инженері дипломын алды. Анкарада әскери улы газдар фабрикасында 11 жыл жұмыс істеді. Сол жерде неміс тілін үйренді. Соғыста қолданылатын газдардың маманы болды. 1947 ж Бурса әскери лицейінде мұғалім, содан кейін оқу бөлімінің директоры болды. Бұдан да басқа Күлели және Ерзинжан әскери лицейлерінде ұзақ жылдар химия пәнінен дәріс беріп, жүздеген иманды офицерлер жетілдірді. 1960 ж полковник шенімен зейнетке шығарылды.

Зейнетке шыққаннан кейін Стамбулда Уәфа лицейі, Джағалоғлу және Бақыркөй өнер институты сияқты көптеген оқу-орындарында химия және математика пәндерінен сабақ беріп, көптеген иманды жастарды тәрбиелеп шығарды.

Өмірінің соңына дейін - адамдармен жақсы ара-қатынаста болуды, жақсы мінезді болуды, бүліктерге араласпауды өсиет етті.

Ұстаз Хусейн Хилми Ышық хазрет 1929 ж ұлы ислам ғұламасы хазреті Сәйид Әбдулхаким Аруасимен "рахметуллаһу та'ала алейһ" танысып, оған қызмет ету мәртебесіне қауышты. Осы кісінің сұхбаты мен дәрістеріне қатысып жетілді, файз-берекелерге, үлкен мәртебелерге қауышты. Сарф, нахв, мантық, фиқһ, хадис, тәфсир, мақул және мәнқул, усул және фуру ілімдерін үйренді. Араб және парсы тілдерінен көптеген діни кітаптарды аударды. Хазреті Сәйид Әбдулхаким Аруаси "рахметуллаһу та'ала алейһ" сияқты ғұламадан Иджазат (диплом) алу мәртебесіне қауышты. Там Илмиһал садәти әбәдийа кітабы, одан бөлек 14 түрікше кітап және олардың өзге тілдегі аудармаларын жазды.

2001 ж 26 қазан айында жұма күні кешкісін өзі емделіп жатқан Стамбулдағы бір ауруханада бақилық болды. Әийуб Сұлтан мазаратында жерленді.

(Рахметуллаһи та'ала алейһ)