Сұхбат - ӨЛГЕН АДАМ ҮШІН ЖЫЛАУ
Өлген бір туысың үшін көзжасымен жылау жаиз. Дауыстап жылау болса, өліге азап береді.
Хадис шәрифтерде былай бұйырылған:
«Жанұя және жақындардың (дауыстап) жылауымен өлі азап шегеді»
«Байқаңдар, өлінің артынан айғайлап жыламаңдар! Бұл надандық дәуірінен қалған әдет.»
«Артынан айғайлап жылаған сайын өліге азап келебереді.»
«Өлі үшін бетін тырнап, жағасын жыртқан және өзінің де өлуін қалаған әйелге Аллаһ лағынет атсын!»
«Бір туысы өлгенде шашын жұлып, айғайлап жылаған және бетін тырнап, киімін жыртқан адамнан ұзақпын!»
Бұлай жасамай, өліге деген рақымдылығымен және мейірімдігімен дауыссыз көзжасымен жылау жаиз. Өйткені пайғамбарымыз баласы қайтыс болғанда көзжасымен жылаған. Себебін сұрағанда, «Жаным ащығаннан жылап отырмын. Көзден жас шығып, көңіл қайғырады. Бірақ біз Раббымыз разы болмайтын еш нәрсе айтпаймыз. Ей Ибраһим біз сенен айрылудан өте қайғылымыз.» деп бұйырған.
Күннің тарихы - Ұлықбектің қайтыс болуы
Астраномия ғалымы, Самарқант сұлтаны Мұхаммед Тарағай бин Муинуддин Шахрух, 1395 жылы 22-наурызда Самарқантта дүниеге келген. Сарайда жақсы білім алумен қатар Құран кәрімді жатқа үйреніп, арапшаны жетік меңгерді. Әкесі қайтыс болған соң, билікті өз қолына алып, Самарқандты астана етіп қойды. Оны 38-жыл бойы басқарды. 1449 ж 25-қазанда өлтіріліп, атасы Әмір Темірдің қасына жерленді.
Ғылымның даму тарихында ең ұлы астраномия ғалымы деген атаққа ие болды. Бұл салада Ұлықбекті дүниеге танытқан 1420 жылғы Самарқантта салдырған обсерваториясы еді. Бұл жерде 12 жыл бойы зерттеулер жүргізіліп, ай мен жұлдыздардың координаталары көрсетілген кестелері бар Ұлықбек таблицасы 1437ж аяқталды. Ғылымға көптеген еңбектері сіңді.