Мәлімет - Таза бал
Бал жалпы өзі алынған гүлдің ерекшелігіне ие болады. Өсімдіктердің иісі, дәмдері, ароматтық және емдік қасиеттері балға өтеді. Аралар ұяларынан әр шыққанда 5-6 шақырымды шарлап, 40 минутта шамамен 1200 гүлге қонады.
Бір грамм (бір тамшы) бал жинау үшін аралар 120000 гүлге қонуы керек.
Таза бал осылай алынады. Оның өндірістік құны да жоғары болады. Таза балды мына белгілерінен айыруға болады:
Йодтың ішіне бір шәй қасық бал салған кезде ыдырамайды,
Күкірт шырпысының ұшын балға батырып, шаққан кезде жанады,
Көшірме қаламның ұшын балға батырып жазғанда жазылады және түсі өзгермейді,
Кішкене қасық бал қайнатса, суытқаннан кейін бұрынғы қалпына қайтып келеді.
Бүгін - Біріккен Ұлттар Ұйымы күні
ІІ Дүние жүзілік соғысының аяғында адамзатты жаңа соғыстардан сақтап қалу үшін және елдердің қиыншылықтарына бірлесіп шара табу үшін және адам хұқықтарын қорғау мақсатымен Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылды. 24 қазан 1945 ж 50 мемлекеттен құрылған бұл ұйымның әлемдік бейбітшілікке біршама пайдалары болды.
Ең соңғы болып 28 маусым 2006 ж Чернагорияның да мүше болуымен БҰҰ-на мүше елдердің саны 192 жетті.
БҰҰ-на әр түрлі дәрежелі елдер мүше. 1 300 000 000 астам халқы бар (Қытай) елдермен қоса орта есепті ауыл көлеміндей де мемлекеттер де бар.
Жер көлемі 17 000 000 км2 болған (Ресей) мемлекеттермен жер көлемі 2 км2 құрайтын (Монако) елдер де бар.