Untitled Document

Сұхбат - Әулиенің белгілері

Аллаһу та’ала «Жақсы көрген құлдарымды (әулиемні) халық арасына жасырдым, әр адам оларды тани алмайды» деген. Оларды танитындар аз болса да жоқ емес.

Әулиенің белгілері кітаптарда төмендегідей білдірілген:

1) Әулиеде керемет деген нәрсе болады. Ғайыпты тек әулие емес, періштелер де, тіпті пайғамбарлар да білмейді. Бірақ егер Аллаһу та’ала қаласа кезкелген құлына білдіруі мүмкін. Пайғамбарымыздың ғайыптан хабар берген көптеген мұғжизасы бар. Сол секілді әулиенің де кей бір таңғажайып нәрселерді хабарлаған кереметтері көптеп кездескен.

2) Әулиені көрген кісінің көңілі оған қарай бейімделеді. Әулиенің әр сөзі, әр ісі Исламға сай болады. Оның қасында болғандардың жүрегінде Аллаһтан қорқу және Аллаһқа деген махаббат сезімдері пайда болып, күнә істеуге деген қалаулары жоғала бастайды.

 3) Ақидасы (иманы, сенімі) бұрыс болған тайпалардан әулие шықпайды. Ақидадағы және амалдағы бидғаттың қараңғылығы әулиелік нұрының жүрекке баруына кедергі болады.  Жүрек бидғаттан тазармағанша және дұрыс ақида мен безенмейінше, ақиқат күнінің сәулелері ол жүрекке түспейді.

4) Әулие бүкіл жаман мінездерден тазарған және пайғамбар мінезімен безенген болады. Өзіне жамандық жасағандарды кешіреді, ренжігенге жақсылық жасайды. Онда дүниенің мүлікіне, лауазымына, абыройына деген қызығу болмайды. Мақтануды жаман көреді, елдің жамандағанынан да қорықпайды. Кішіпейілді, өзін ешкімнен жоғары санамайды. Әулие ғалым кісі болады. Іліміне сай ихлас мен амал жасайды. Ешкімнің жамандығын ойламайды. Халыққа мейіріммен мәміледе болып, олардың мәңгілік бақытқа қауышулары үшін әрекет етеді. Берген уәдесінде тұрады, аманатты жақсы сақтайды. Суизан (күмәндәну), ғайбат және фитнадан алыс жүреді. Өзінікі дұрыс болса да, ешкіммен таласпайды. Қиындықтарға сабыр, нығметтерге шүкір етеді. Әр ісін ақылдасқан соң істейді. Күнә істеуден, имансыз болып қалудан қатты қорықады. Көп истиғфар айтады.

Қысқасы әулие ең жақсы адам деген сөз. Мұхаммед Салим хазіреттен «Бір адамның әулие екенін қалай білуге болады?» деп сұралғанда; «Жұмсақ мәмілесі, көркем мінезі, жылы жүзділігі, жомарттығы, ешкіммен таласпауы, кешірімділігі және өте мейірімділігіне қарап кісінің әулие екенін білуге болады» деп жауап берген.