Сұхбат - Көңілдің (жүректің) амандықта болуы
Барлық істің негізі көңіл. Көңіл Аллаһу та’аладан басқаны ұстанған болса, жығылды деген сөз. Түкке жарамайды. Ниет дұрыс болмайынша жақсы істердің, көмектердің және сүннетке сай жасалған ғибадаттардың еш пайдасы болмайды.
Көңілдің амандықта болуы үшін Аллаһу та’аладан басқа ешнәрсеге байланбаған болуы керек. Яғни барлық жасалған нәрсе, Ол әмір еткені үшін, Ол ұнатқаны үшін жасалуы керек. Ол разы болмаған барлық нәрседен қашу керек. Барлық нәрсе Ол үшін болу керек.
Көңілдің таза болуы және дененің жақсы істер жасауы екеуі бірге болуы керек. Дене салих амалдар жасамай, «көңілім амандықта, көңілім таза, сен көңіліме қара» деп айту бос сөз. Өздерін алдап жүргендердің сөзі.
Бұл дүниеде денесіз рух болмайтыны сияқты, дене ғибадат жасамай және күнәлардан сақтанбайынша көңіл таза болмайды.
Заманымызда көптеген дінсіздер, азғындар ғибадат жасамай, көңілдері (жүректері) таза екендігін айтып, тіпті керемет иелері екендігін айтып, пәк болған мұсылмандарды алдауда. Аллаһу та’ала бәрімізді мұндай азғындарға алданудан сақтасын!
Имам Раббани (Мәктубат аудармасы)
Құрметті оқырман!
Күнтізбе беттерінде Құран Кәримден аяттар, хадис шәриф мағыналары, діни мағлуматтар, ұлы тұлғалар және тәбәрік есімдер болғандықтан, құрмет көрсетіп, лайықты болмаған жерлерге тастамауларыңызды өтінеміз.