Untitled Document

Отбасы - Еркектің әйелі алдындағы міндеттері

Ибраһим Хаққы Арзурумидиң «Марифатнама» атты кітабында еркектің әйелі алдындағы міндеттері жайлы төмендегі мәліметтер берілген:

  • Оған әрқашан жақсы мінезбен қарау.
  • Оған әрдайым жұмсақтықпен мәміле жасау.
  • Үйге келгенде әйелімен сәлемдесу.
  • Оған оңашада сүйетінін айту.
  • Ренжулі екенін көргенде жағдайын сұрау.
  • Көңілін аулау.
  • Бала тәрбиесінде оған көмектесу.
  • Еліндегі дәстүр бойынша киіндіру.
  • Мүмкіндік болса, жақсы нәрселер жегізу.
  • Әйелін ұрмау.
  • Бір күннен артық ренжіп жүрмеу.
  • Оның жаман мінезіне сабыр етіп, өзінің де күнәсі бар екенін ойлау.
  • Жақсы істері көп болса, Аллаһқа шүкір ету.
  • Әйелі «күйеуім мені бәрінен жақсы көреді» деп ойлау керек.
  • Үй-ішілік және сыртқы істерде оның да пікірін тыңдау
  • Үйде үстем әйел емес, еркек болу керек.
  • Күнә болмаған кемшіліктерін көрмеу.
  • Айыптарын адамдардан жасыру.
  • Кейде әзілдсіп, онымен ойын ойнау.
  • Оны бүлікке себеп болатын жерге апармау.
  • Дінін, харамды, адалды, міндеттерін үйрету.
  • Әйелінің хабарынсыз сапарға шықпау.
  • Оған дұшпандары, қарыздары жайлы айтпау.
  • Оған қайырлы дұға жасау және оны қарғамау керек.