Untitled Document

Оқиға - Халид Бағдади хазреттері

Мәулана Халид Бағдади хазреттері өз заманының ең ұлы ғалымы және әулиесі, білім және керемет бұлағы болған. Әкесі хазреті Османның, анасы хазреті Әлидің тегінен тараған. Көп ғалымдардан білім алған. 1826 ж қайтыс болған.

Мадина Мунаууарада кемел әулие іздеп жүріп Йемендік кісіге жолығады. Жахылдың ғалымнан насихат сұрағанындай одан насихат сұрайды. Ол кісі былай дейді:

“Ей Халид, Мекке Мукаррама қаласына барғаныңда әдепке сай болмаған нәрсе көрсең ашуланба, ол адамды айыптама!”

Мәулана Халид хазреттері Мекке Мукаррамада жұма күні қасиетті Харам мешітіне кіреді. Бір бұрышта қара сақалды бір адамның арқасын қасиетті Қағбаға сүйеп тұрғанын көреді. Ішінен “Мына кісі қасиетті Қағбаға құрмет көрсетпей тұр, тұрысы әдепке сай емес” деп ойлайды. Дәл осы кезде ол адам “Ей Халид! Мұсылмандарға құрмет Аллаһу та’аланың алдында Қағбаға құрметтен бұрын келеді. Сондықтан мен жүзімді саған бұрдым. Мадинадағы кісінің айтқанын ұмыттың ба?” деді. Мәулана хазреттері бұл кісінің үлкен әулие екендігін түсінеді. Дереу қолын алып кешірім сұрады. Ол адам оған: “Сенің ұстазың бұл жерде емес. (қолымен Үндістан тарапын меңзеп) Ей Халид, сабыр ет, ұстазың сені өзі табады.” дейді.

Қажылықтан кейін еліне барып дәріс үйретуді жалғастырды. Осы кездерде сол заманның ең ұлы әулиелерінен Шах Абдуллаһ Дәхләуи хазреттері бір шәкіртін Мәулана Халид хазреттеріне жіберіп “Сәлемімді айтыңдар осы жерге келсін!” деп бұйырады. Екеуі бірге Үндістанға қарай жолға шығады. Бір жылда сол кездегі Үндістанның астанасы Делиге келеді. Бір жыл ол жерде болып Аллаһу та’аланың ихсанына, мейіріміне қауышады. Кейін өз еліне қайтып көптеген ғалым және әулие жетілдіреді. Өзі Имам Раббани хазреттерінің ғашығы еді. Түрлі ілім салаларында көптеп кітаптар жазды. “Диуан” және “Итиқаднама” кітаптары мәшхүр.