Untitled Document

Бала тәрбиесі - Ананың қадірі

1 жаста: Сізді сүтімен бақты. Түндерде жылап рахметіңізді айттыңыз!

2 жаста: Сізге жүруді үйретті. Сізді шақырғанда бөлмеден қашып рахметіңізді айттыңыз!

3 жаста: Сіз үшін аса ұқыптылықпен тағамдар дайындады. Басыңызды бұрып рахметіңізді айттыңыз!

4 жаста: Қолыңызға түрлі-түсті қалам берді. Дуалдарға сызып рахмет айттыңыз!

5 жаста: Сізді әдемі киімдермен безендірді. Лай шалшықтарына аунап рахметіңізді айттыңыз!

6 жаста: Мектепке апарғанда “бармаймыыын!” деп рахметіңізді айттыңыз!

7 жаста: Сізге доп алды, көршінің терезесін сындырып рахмет айттыңыз!

9 жаста: Сізге дұғалар үйретті. Сіз үнемі оқуды ұмытып рахмет айттыңыз!

12 жаста: Сізді досыңызбен бірге киноға апарды, “Сен мұнда отырма!” деп рахметіңізді айттыңыз!

15 жаста: Қаншама жыл зиянды ТВ каналдарын көруіңізді қаламады. Ол үйде жоқ кезде көріп рахметіңізді айттыңыз!

18 жаста: Оқу қаражаттарын қамтамасыз етті. Сізді университетке апарды. Достарыңыз мазақ қылмасын деп есіктің алдында қоштасып рахметіңізді айттыңыз!

20 жаста: Кәсіп, мамандық таңдауда көмекші болуға тырысты. “Ой сен не білесің, мен сен сияқты болмаймын” деп рахмет айттыңыз!

23 жаста: Диплом алған күні сізді құшақтап құттықтады. Европа саяхаты үшін ақша сұрап рахметіңізді айттыңыз!

25 жаста: Той жасап берді. Сіз үшін қуанышты, бақытты болды. Сіз ұзақтарға кетіп рахметіңізді айттыңыз!

30 жаста: Бала бағу, тәрбиелеу туралы пікірлерін айтты. “Ескі, бұрынғы заманғы әдістеріңді қойшы” деп рахмет айттыңыз!

40 жаста: Сізге телефон шалып бір туысыңыздың тойы болатынын есіңізге салды. “Ана, жұмыс бастан асып жатыр” деп рахмет айттыңыз!

50 жаста: Ол науқастанды, апта соңында көруге барғаныңызда қуанып қалды. Оған “Кәрілер бала сияқты болады” деп рахметіңізді айттыңыз!

Сөйтіп жүргенде бір күні дүниеден озды...

Егер әлі сізбен бірге болса, ең болмағанда бір рет көңілін алуға тырысыңыз..