Мәлімет - Қызғалдақ
Сәндік өсімдіктердің бір түрі болған қызғалдақтың шыққан жері Орта Азия екендігі, кейіннен Стамбұлға Осман түріктері тарапынан жеткізілгені тарихтан белгілі.
Европалықтар қызғалдақты алғашында лала (лилия) гүлдің бір түрі деп ойлап, лала деп атап кеткен. ХVІІ ғасырдың аяғында адамдардың қызғалдаққа деген қызығушылығы артып, сирек кездесетін қызғалдақ түрлерінің бағасы шарықтап кетуіне алып келеді. Осы себептен Османлы мемлекеті 1725 жылы қызғалдақтың сату бағасын орнатты. Ол дәуірде қызғалдақтың 800-ге жуық түрі болған және әрбірінің өз атауы бар еді.
Қызғалдақ алғашқыда қазіргі Түркия жерлерінен Венаға жеткізілді. Ол жерден Голландияға содан кейін Канадаға өтіп, бүкіл әлемге жайылды.
Шөптес және пияз тұқымдас өсімдік түрлеріне жататын қызғалдақтың дүние жүзінде екі мыңнан астам түрі бар.
Әдеп-ахлақ - Жаман мінез жұқпалы
Жақсы мінезді болу үшін жақсы адамдармен, мінезі жақсы адамдармен достасу керек. Адамның мінезі досының мінезі сияқты болады.
Ұлы әулие Абдулхаким Арваси бұл мәселеге қатысты былай дейді:
«Оба ауруы өте жұқпалы ауру. Соған қарамастан мықты адам обамен ауырған адаммен бір бөлмеде болса, бір төсекте жатса, бір ыдыстан тамақ жесе, осылайша жеті жыл тұрса мықты адамға аурудың жұқпау мүмкіндігі бар. Бірақ, жақсы мінезді адам жаман адам тұратын бөлмеде бір кеш қалса да мықты адамға жамандықтың жұқпай қалу ыхтималы жоқ...”.