Сұхбат - Құтылған – құтқарады
Хикмет әһлі болған әулиелер айтады:
Әр мұсылманның: “Қайтсем Аллаһу та’аланың дініне бұдан да көп қызмет ете аламын, бір адамды болсын тозақтан қалай құтқара аламын” деген мақсаты болу керек. Басқаларды құтқару үшін, әуелі өзі құтылу керек.
Дұрыс оқылған намаз – құтқарушы болып табылады. Намаздың дүрыс оқылуы ғұсылдың дұрыс алынуына, дәреттің дұрыс алынуына, итиқадтың (сенім) дұрыс болуына, яғни әһли сүннет итиқадында болуға байланысты. Бұлар дұрыс болмай тұрып, намаз ешқашан дұрыс болмайды. Барлық адамның ең алдымен осыларды үйренуі керек, қателіктері болса туырлау керек. Жауапкершілігі астындағы адамдарға да үйрету керек. Әр мұсылманның бірінші міндеті – тозақ отынан сақтану. Өзі сақтанбаған, өзі отқа түсіп бара жатқан адам басқасын қалай құтқармақ? Немқұрайлы ғибадат, өзбасымша қызмет деген болмайды.
“Ғибадаттарды қалай орындасаң да - орында” деген сөз, діни сауатсыз адамның сөзі. Мың жыл күндіз-түні тәсбих тарту - дінін, иманын дұрыс үйрететін кітаптың жарты бетін оқығанмен тең болмайды. Өйткені тәсбих тарту – нафилә (нәпіл) ғибадат. Ал өзімізге керек болған ілімді үйрену – парыз. Нафилә амалдар парыздың жанында теңіздің алдындағы бір тамшы судай да бола алмайды. Ислам – ілім діні. Сол ілімді үйренбей бейхабар қалу ислам болмайды. Ілімсіз дін болмайды, дін болмағаннан кейін ілім де болмайды. Дін мен ілім – бір-бірінен бөлінбейтін нәрселер. Әрине, иман ету шарт, бірақ иман еткеннен кейін ең бірінші орындалатын нәрсе – ілім үйрену. Өйткені, намаз оқысақ та, ораза ұстасақ та, сауда-саттықпен айналыссақ та істеп жатқан жұмысымыздың ілімін білуіміз – шарт. Пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” «Ілім бар жерде – мұсылмандық бар. Ілім жоқ жерде – мұсылмандық та қалмайды.» деген.