Untitled Document

Бала тәрбиесі - Алтын кеңестер

Жақсы ата-ана деген кезде, балаларына көңіл аударып, жақсы тәрбие беріп жетілдірген адам еске түседі. Бала тәрбиесінде мына кеңестерді естен шығармаған жөн:

– Балаға әлі кішкентай деп қарамаңыздар, тәрбие бесіктен басталады.

– Бір шешімді болу баланың жаман әрекет жасауына жол бермейді.

– Баламен дос ретінде қарым-қатынаста болып, құрметпен қарау керек.

– Жанұядағы ұрыс-керіс балаға кері әсерін тигізеді.

– Баланың жаман қылықтарына барлық уақытта көз жұмып қарамау керек.

– Баланың қателерін ашуланбай, үйрету арқылы түзеу керек.

– Балаға ешқашан өтірік айтпау керек.

– Бір қылығына біресе жақсы, біресе жаман демеу керек.

– Ой-пікірлерді сендіріп қабыл еттіру керек.

– Балаға аса қатал болу да, аса мейрімді болу да зиянды.

– Баланың сөзіне қарағанда, іс-әрекетіне көп көңіл бөлу керек.

– Баланың қасында басқаларды жамандамау керек.

– Бала тәрбиесіне ата-ана жауапты.

– Балаларды ешқашан жамандамау керек.

– Балаға өтірік айттың деп кінә тақпау керек.

– Балаға уәде етілсе орындалуы тиіс.

– Баланың жанында құпия нәрселерді айтпау керек.

– Адал екеніңізді балаға сендіруіңіз керек.

– Балаға құр сөзбен ғана емес, іс-әрекетпен де тәрбие беру керек.

– Баланың тәкәппарлығына көз жұмып қарамау керек.

– Басқа адамдарға қол ұшын соза білуді балаға үйрету керек.

– Балаға өмірдің қиыншылықтарын да үйрету керек.

– Балаға сабырлы, төзімді болуды үйрету керек.

– Баланың әр айтқанын орындай бермеу керек.