Тарих - 1900 жылдағы мемлекеттер
1900 ж басында дүние жүзінде адам саны шамамен 1,5 млрд еді. Ол кезде тәуелсіз 52 мемлекет бар болатын. 10 мемлекетте 1,2 млрд халық өмір сүрсе, қалған 42 мемлекетте 300 млн адам тұратын. Осман мемлекетінің "дуәли муаззама" (үлкен күштер) деп атаған мемлекеттері: Англия, Германия, Франция, Ресей, АҚШ, Австрия-Мажарстан, Түркия, Жапония, Италия және Қытай еді. Испания ол жылдары күшті мемлекет деген статусынан айрылған еді. Бірақ күшті мемлекеттер арасында үлкен елшілікпен алмасатын. Ал басқа мемлекеттер өз араларында да, күшті мемлекеттерге де орта елшіліктер аша алатын. Орта елшілік деген статуспен кемсіту бұл елдердің намысына тигені анық еді. 1945 жылдан бастап бұлай орта, үлкен елшілік деп бөліну жойыла бастады. Қазіргі таңда мұның барлығы тарих қойнауында қалды.
Империализмнің шыңы: 1900 жылдар отарлау заманы еді. Империализмнің шырқау шыңына жеткен кезі еді. Үлкен мемлекеттерден АҚШ және Франция ғана (Франция 1871 ж бастап) Республика еді. Түркия, Иран, Ауғаныстан, Марокко (Марокко 1912 ж тәуелсіздігінен айрылды) сияқты мұсылман мемлекеттерімен қатар 3 Буддист мемлекет: Қытай, Жапония, Тайланд тәуелсіз еді. Қалған 45 Христиан мемлекеттерінің 39-ы Католик, 6-ы (Ресей, Румыния, Сербия, Черногория, Грекия, Эфиопия) провослав еді.
Азияда 5 мемлекет, Африкада 5 мемлекет болды, қалған 45 мемлекет Европа мен Америка құрлықтарына тиесілі еді. Океания континентіндегі соңғы тәуелсіз мемлекет Гаваи 1898 жылы АҚШ тарапынан отарланды. Африка құрлығының оннан тоғызы: Османлы (Түркия), Франция, Англия, Португалия, Испания, Италия, Бельгия, Германия мемлекеттерінің қол астында еді. Бұлардан тек Османлы мемлекетіне тиесілі Африка елдері ғана өздерін отар ретінде емес, Осман мемлекетінің бір бөлігі ретінде сезінетін.