Сұхбат - Пайғамбарымыздың дұғалары
Пайғамбар алейһиссаламның мұсылмандарға қалай дұға ету керектігін үйрететін хадис шәріфтері өте көп. Олар:
«Ей Раббым! Саған және расулыңа мойынсұнуымызды және сенің бізге білдіргеніңдей амал жасауымызды нәсіп ет.»
«Ей Раббым! Пайдасыз ілімнен, қабыл болмайтын ғибадаттан және қабыл етілмейтін дұғадан саған сиынамын.»
«Ей Раббым! Біз білетін және білмейтін барлық жақсылықтарды бере гөр, біз білетін және білмейтін барлық жамандықтардан сақтай гөр.»
«Ей Раббым! Әр ісіміздің ақырын қайырлы қыл! Дүние қиыншылықтарынан және ақырет азабынан сақта!»
«Ей Раббым! Бізді - сабыр ететіндер және шүкір ететіндердің қатарына қос!»
«Ей Раббым! Бізді - достарыңа дос, дұшпандарыңа дұшпан болғандар қатарынан ете гөр!»
«Ей Раббым! Әлсіздіктен, жалқаулықтан, сараңдықтан және аурудың барлық түрінен саған сиынамын.»
«Ей Раббым! Жұмысында табандылық танытатындардың, ниғметке шүкір ететіндердің, ғибадатын дұрыс жасайтындардың және өтірік айтпайтындардың қатарына жаз!»
«Ей Раббым! Кемшіліктерімізді жасыра гөр, қорқыныштарымыздан сақтай гөр, қарыздарымыздан құтылуымызды нәсіп ет!»
«Ей Раббым! Ауру-сырқаудан аман қыл! Жақсы мінез бере гөр! Тағдырына разы болғандардың қатарына қос!»
«Ей Раббым! Күндіз және түнде келетін қауіп-қатерден, қиыншылықтардан, жаман достан және жаман көршіден саған сиынамын.»
«Ей Раббым! Зұлымдық жасаудан және зұлымдыққа ұшыраудан саған сиынамын»
«Ей Раббым! Бізге - дүниеде және ахыретте жақсылық бер! Бізді Тозақтың азабынан сақта!»
«Денеме, құлағыма, көзіме саулық бер! Күпірліктен, кедейліктен және қабір азабынан саған сиынамын.»
«Ей Раббым! Соңғы демімізге дейін ғибадат етуімізді, өміріміздің жақсы амалдармен бітуін нәсіп ет және бізге Жұмақты ихсан ете гөр.»