Untitled Document

Денсаулық - Ішетін суымыз

Май, протеин және көміртегі гидраттарымен салыстырғанда суда энергия да, каллория да болмайды. Бірақ, сусыз өмір сүре алмаймыз. Денедегі химиялық реакцияларда су өте маңызды рөл атқарады. Сол себептен суды дененің ең маңызды азығы деп ойлауыңызға болады. Басқа тағамдарсыз ұзақ уақыт өмір сүре аламыз, бірақ сусыз бірнеше күннен артық өмір сүре алмаймыз.

Денеміздің 50-60 пайызы судан тұрады. Су қан ағысы арқылы дененің барлық жеріне оттегі мен азық жеткізеді. Терлеу жолымен дене температурасын реттейді, зәр арқылы керексіз нәрселердің денеден шығарылуына көмектеседі, буындардың ылғалды болуын қамтамасыз етеді.

Қалыпты адам күніне 1,5-2 литр су ішуі керек. Шөлдеу дененің суға қажеттілігі бар екенін көрсетеді, бірақ шөлдемей-ақ күніне 6-8 стакан су ішу керек. Спортшыларға, ыстық және биік жерлерде өмір сүретін адамдарға су көп қажет.

Дененің су қажеттілігін басқа сусындармен емес, судың өзімен қамтамасыз еткен дұрыс.

Таза су ішу күн санап артып жатқан айналаның ластығы шарттарында өте маңызды нәрсеге айналды. Тұтынатын суыңыздың тазалығын, гигиеналық шарттарда екендігін тексеріңіз.

Үйлерге орнатылатын су тазалау жүйесі арқылы қала суын тазалап, суды сенімді түрде ішуге болады.