Untitled Document

Мақала - «Мәктубат»тан үзінді

Хазреті Имам Раббани “қуддиса сирруһ” Мәктубат кітабында былай дейді:

Пайғамбар “саллаллаһу алейһи уәсәлләм”: «Ораза тұтқан адам, аузын құрмамен ашсын! Өйткені құрма – берекелі.» деп бұйырды. Өзі аузын құрмамен ашатын еді. Құрманың берекелі болуы былай: құрманың талы “нахлә” деп аталады. Бұл талдың жаратылысында бірлестік пен әділеттілік бар. Адамның да жаратылысы осындай. Сол үшін Пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” нахлә талын “Адам балаларының апасы” деп атаған : «Апаларың болып табылатын нахлә талына құрмет көрсетіңдер! Өйткені бұл тал – Адам алейһиссалам жаратылған балшықтың қалдығынан жаратылған.» деген. Бұдан аңғарылатыны – нахлә талы Адам алейһиссаламның балшығынан жаратылған. Нахлә талына берекеттің бұйыруы, барлық нәрсенің осы талда болғанынан. Сол үшін де, нахлә талының жемісі болып табылатын құрманы жеген кезде, адамның әрбір клеткасы одан пайдаланады. Осылайша, құрмада болатын барлық нәрсе, адамға өтеді. Құрмада болатын шексіз үлкен дәрежелер, оны жеген адамда да пайда болады. Бұл жағдай құрманы жеген адамның барлығында болса да, ораза ұстаған адам ләззаттар мен дүниенің өткінші қызықтарынан таза болғаны үшін, ауыз ашар уақытында жеген құрмасынан басқаларға қарағанда өте көп пайдаланады.