Untitled Document

Тарих - ІІ- Абдулхамит хан және Яһудилер

Яһудилер «уәделенген жерлер» үстіне мемлекет құру әрекеттерін үдете түскен шақтарда алдарынан «жаннатмакан» Абдулхамит хан шықты. Яһудилер 1870 жылдардан бастап Палестина топырақтарына егіншілік мақсатта қоныстанып орталықтар құра бастады. Одан да тезірек және нақты қоныстану үшін сионисттердің көсемі Теодор Герцль Сұлтан Абдулхамитпен кездеседі. Одан жер сұрап Палестинада аристократтық республика құру үшін рұқсат сұрайды. Ақысына Османлы бюджетінен 3 есе артық ақша беретінін және Осман мемлекетінің барлық сыртқы қарыздарын өз мойындарына алатындарын айтады.

Бұл ұсынысқа Абдулхамит хан тарихта алтын әріптермен жазылып қалған мына жауапты береді: «Мен бір қарыс та болса жер сатпаймын. Өйткені бұл отан меніңкі емес халықтікі. Халқым бұл отанға қанын төгіп ие болған және қанын төгіп берекелі қылған. Бабаларымның қанымен алынған жерлер ақшаға сатылмайды.»

Абдулхамит хан сондай-ақ яһудилердің жасырын әрекеттеріне қарсы шаралар қабылдады. Палестинаның бүкіл аймағын мемелекеттен өзі сатып алып, жеке патшалық мүлкі деп жариялап, жерлерінің сатылуына тиым салды. Жеке өзінің қарамағындағы әскерлерінің бір бөлімін Палестинаға жіберді. Кавказ және Балкан елдеріндегі мұсылмандардың бір бөлігін Палестинаға орналастырды. Падишахтың бұл әрекетіне қарсы яһудилер Абдулхамит ханды тақтан түсіру үшін бүкіл күш-жігерлерін жұмсап, масонға айналдырған жергілікті жауыздардың көмегімен бұл мақсаттарын жүзеге асырды.