Untitled Document

Ислам ахлақы - АСЫҒУ – (1)

Адам баласының жаратылысында асығу мінезі бар. Мына екі аяты кәримада былай дейді:

«Адам асыққыш болып жаратылды.» (Әнбиа 37)

«Адам өте асыққыш.» (Исра 11)

Асығыс тірлікке шайтан араласады. Хадис шәрифтерде:

«Асығыстық шайтаннан, асықпау Рахманнан.» (Тирмизи)

«Асықпайтындар дұрыс шешім қабылдайды, асыққандар әр ісінде қателеседі.» (Бәйхақи)

Олай болса, кез-келген жұмыс істеуде асықпау керек, тез шешім қабылдамау керек. Асығыс шешімге шайтан араласады. Нәпсінің қалаған нәрсесін жасау ойға келген кезде шайтан: «уақытты өткізбей тез жаса» деп арандатады. Сол үшін жүрекке (көңілге) келген нәрсені жасамастан бұрын: “бұдан Аллаһу та’ала разы бола ма? Жасасам сауап бола ма, күнә бола ма?” деп ойлану керек. Күнә болмаса жасай беруге болады. Осылайша дұрыс шешім қабылданған, асығыстыққа жол берілмеген болады.

Тек бес мәселеде асығу керек:

  1. Қонақ келгенде тамағын беруге асығу.
  2. Күнә жасағанда тәубә етуге асығу.
  3. Намазды уақыты кіре сала оқуға асығу.
  4. Мәйітті жерлеу жұмыстарында асығу.
  5. Қыз немесе ұл баланы, дін ғылымдары мен намаз оқуды үйреткеннен кейін, балиғат жасына толып теңі табылып тұрса ұзатуға немесе үйлендіруге асығу.