Оқиға - Бір сүндет бір қамалды алады
Хазреті Омар "радиаллаһу анһ" халифа болып тұрған уақытында, Шам (Дамаск) қаласының маңында бір қамалды қоршап алады. Күн төбеге келген болғанына қарамай қамал мұсылмандар қолына өте бермейді. Бұған ашуланған хазреті Омар "радиаллаһу анһ" бүткіл әскерін алдына шақырып алып: «Қамалды осынша уақыт басып ала алмауымыздың себебі неде? Ислам әскеріне осынша уақыт қарсы тұратындай кәпірлер кім болыпты соншама?! Араларыңда қандайда бір қателікке жол берген біреу бар, әйтпесе кәпірлер мұнша уақыт шыдай алмас еді.» деп ұрысады.
Сахабалардың барлығы таралып истиғфар мен тәубе етуге кіріседі. Осы уақытта сахабалардың бірі жылап, хазреті Омардың "радиаллаһу анһ" алдына келіп былай дейді: "Ей мүміндердің әміршісі! Өткен түні тәһәджүд намазын оқығалы тұрғанымда қараңғыдан мисуағымды таба алмадым. Мисуақ қолданбай намаз оқып едім. Қамалды ұзақ уақыт басып ала алмауымыз менің осы қателігімнің кесірінен болар." дейді. "Истиғфар мен тәубә етуді жалғастыр!" дейді оған хазреті Омар "радиаллаһу анһ". Осы әңгімеден кейін бір сағат өтпей-ақ қамал алынады.
Сұхбат - Дәреттiң парыздары
Дәреттiң парыздары Ханафи мазһабы бойынша төртеу:
- Беттi бiр рет жуу.
- Қолдарды шынтақпен қосып бiр рет жуу.
- Бастың төрттен бiрiн мәсiһ ету.
- Аяқты тобықпен қосып бiр рет жуу.
Шафи мазһабында ниет пен тәртiп те парыз. Беттi жуғанда ниет ету қажет. Су бетке тимей тұрып ниет етсе дұрыс болмайды. Бет пен жақтағы сақалды жуу парыз. Малики мазһабында болса, дәретте жуылатын мүшелердi ысқылап, бір-бірінің артынша арасын үзбей жуу да парыз. Шииттер аяқтарын жумайды, жалаң аяқтың үстiне мәсiһ етедi.