Untitled Document

Мақала - Айт мейрамынан естеліктер

Біз Стамбулда туып-өскен гректерміз. Бір уақыттары біз үшін Рамазан айының ерекше бір орны бар еді. Әрине біз христиан болғанымыз үшін де ораза ұстамайтынбыз. Бірақ, көршілеріміз ауызашарға шақырғанда ешқашан қалмайтын едік. Сол кездегі не деген керемет тағамдар, не деген керемет сұхбаттар десеңші...

Бала кезімде және жігіттік шағымның алғашқы жылдарында, «үйдің еркегі» ретінде, күнде наубайханаға барып нан әкелу менің міндетім еді. Үйге жеткенше нанның бір бөлігін жеп тауысатынмын. Анамнан сөгіс естіп, апаларыммен жанжалдасып, ұрсысатынмын. Рамазан айты жақындаған сайын, біз – Стамбулдық гректердің өзі тәтті бір тебіреністе болатынбыз.

Алғашында оқу, жұмысқа бару деген жоқ еді. Білесіз бе, Стамбулдағы грек оқушыларының үлкен бір ұтысы бар еді. Олар әрі христиан мейрамдарында, әрі мұсылман мейрамдарында оқудан демалатын.

Бала кезімде радио, жігіт шағымда теледидардың «мейрамның жеке бағдарламаларын» үзбей көруші едім.

Адамдар таза киіммен көшеге шығатын. Бір-бірімізді мейраммен құттықтайтын едік. Үстіміздегі таза көйлектің жеңін, шалбарымыздың балағын түріп алып, білген нәрсемізді оқитын едік. Доп ойнайтынбыз. Бірінші қабаттағы тәтейдің, терезесінің арғы жағынан қарап тұрып: «қазір мына ойнап жатқан доптарыңды тартып аламын» немесе «сендердің үйлерің жоқ па?» деп айқайламауының өзі, сол қасиетті күндердің мейрам екенін білдіретін...

Афинаға көшкенімізден кейін бірнеше айт мейрамын Стамбулда өткіздім...

Бір-екі күннен кейін айт. Афинада өмір сүріп жатқан мыңдаған, он мыңдаған мұсылманның айт намазын оқитын бірде-бір мешіті жоқ. Мұсылмандар айт намаздарын не саябақта немесе өздері мешіт ретінде қолданатын пәтерлерде оқиды.

Афинада мешіт салынады деп естіп, оқып жүргеніме 10-15 жыл болды, бірақ әлі бірде-бірін көре алмадым. Парламент екі рет мешіт құрылысына шешім қабылдады, бірақ әлі ешқандай әрекет жоқ.

Европа Одағына мүше болып саналатын Грекия, астанасы Афинада әлі бірде-бір мешіттің болмауымен мақтана алмайды.

Йорго Кирбаки