Рамазан сұхбаты - Оразаның құны – фидйа
Өте қария немесе ауру болғандықтан өмірінің соңына дейін ораза тұта алмайтын кісілер рамазанда ораза тұтпайды, егер бай болса, фидйа береді. Бір хадис шәрифте былай делінген: «Ораза тұта алмайтындай қарт немесе жазылу үміті болмаған аурулар фидйа береді.» [Нәсаи]
Фидйа – ораза тұта алмайтын дәрежеде қарт немесе жазылмайтын ауруға шалдыққан науқастың әрбір күндік оразасы орнына кедейлерге төлейтін ақысы. Егер өзі кедей болса, фидйа бермейді, орнына дұға етеді. Фидйа үшін бір күндік ораза орнына бір пітір мөлшері ұн беріледі. Бір пітір мөлшері ұн – 1750 гр. Бір айлық оразаның орнына 53 кг ұн беру яки осының құнына тең алтынды бір немесе бірнеше кедейге Рамазанның басында не аяғында беру керек. Фидйаны алған кедей оны өзіне де басқаға да жұмсай алады. Фидйап бергеннен кейін ораза тұта алатын денсаулыққа қауышқан науқас тұтпаған оразаларының қазасын тұтып береді. (Наһр-ул-фаиқ)
Ауру, кәрілік сияқты бір себеппен рамазан оразасын тұта алмаған бай кісілердің бұл жағдайлары өмірбақи жалғасатын болса, кедейлерге ас берілуін өсиет етеді. Мұрагері осы өсиет бойынша оның тұта алмаған әр бір күндік оразасы үшін кедейге фидйа береді.