Рамазан сұхбаты - Пітір беру
Өзіне қажет заттардан, қарыздарынан артылатын малы және ақшасы бар әрбір мұсылман рамазан айында айт намазына дейін пітір беруі уәжіп. Сапардағы адамның да пітір беруі керек.
Қажет нәрселер дегеніміз бағасы қанша болса да бір үй, бір айлық азық-түлік, жыл сайын үш қабат киім, үй заттары, қөлік құралдары, мамандық кітаптары және төлейтін қарыздар. Саудаға арналмаған, қажеттілігінен артылатын нәрсе, жалдағы үйлер, үйіндегі әшекей бұйымдар, өнер және сауда заттары, жерге төселмеген кілемдер, қолданылмайтын артық үй заттары - пітір мен құрбандық етілетін заттар болып табылады.
Пітір ретінде 1750 гр бидай немесе бидай ұны, 3,5 кг арпа, құрма немесе кепкен жүзім беріледі. Осылардың бағасымен есептеп алтын немесе күміс беруге болады.
Иман жаңарту - Тәждиди иман дұғасы
Йа, Раббым! Балиғат жасымнан бүгінге дейін Ислам дұшпандарына және бидғат иелеріне алданып, жұқтырған бұзық сеніміме және бидғат, күнә саналатын сөздеріме, тыңдағандарыма, көргендеріме, істегендеріме өкінемін. Енді бұлай бұзық нәрселерге сенбеуге және істемеуге бел байладым. Пайғамбарлардың алғашқысы – Адам алейһиссалам, соңғысы – біздің сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссалам. Осы екі пайғамбарға және екеуінің арасында келген барлық пайғамбарлардың барлығына және келтіргендеріне иман еттім. Олардың барлығы хақ және айтқандарының бәрі дұрыс.
Амәнту билләһ уә би-ма жаә мин индиллаһ, әла мурадиллаһ, уә амәнту би-Расулиллаһ уә би-ма жаә мин инди расулиллаһ әла муради Расулиллаһ.
Амәнту биллаһи уә мәлаикатиһи уә кутубиһи уә Русулиһи уәл-йәумил ахири уә бил-қадари хайриһи уә шәрриһи миналлаһи та’ала уәл-басу бадәл-мәути хаққун әшһәду ән ла илаһә иллаллаһ уә әшһәду әннә Мухаммәдән абдуһу уә расулуһ.