Untitled Document

Рамазан сұхбаты - Жатудан алдын

Пайғамбарымыз хазреті Әлиге былай бұйырды:

Ей Әли! Мына 5 нәрсені жасамай тұрып жатпа:

1) Құран кәрімнің барлығын оқымай тұрып,

2) 4000 дирхәм (ақша) садақа бермей тұрып,

3) Қағбаны зиярат етпей тұрып,

4) Жаннаттағы орныңды дайындамай тұрып,

5) Ренжіскен адамыңмен достаспай тұрып.

Хазреті Әли; “Ей Расулаллаһ бұл қалай болады?” деп сұрағанында, былай деп бұйырды:

1) 3 рет Ихлас сүресін оқу, Құран кәрімді хатм еткендей болады.

2) 4 рет Фатиха сүресін оқу 4000 дирхәм садақа бергенмен тең.

3) 10 рет “Лә иләһә иллаллаһ уаһдәһу лә шәрикә ләһ ләһул мулку уә ләһул хамду йуһий уә йумит уә һуә ала кулли шәй-ин қадир” деп айтуың Қағбаны зиярат еткенмен тең.

4) 10 рет “Лә хаулә уәлә қууата иллә билләһил’алийил’азыйм” деп айтуың жаннаттағы орныңды дайындауыңа себеп болады.

5) 10 рет “Әстағфируллаһәл’азыйм әлләзи лә иләһә иллә һу әл хаййәл қаййум уә әтубу иләйһ” деп айтуың араздасқан және ренжіген адамдарыңмен достасқандай дәрежедегі сыйапатқа себеп болады.