Untitled Document

Рамазан сұхбаты - Әулие

Бір замандары іліммен ирфан иелерін жақсы көретін бір адам қатты құрметтейтін, жақсы көретін кәміл бір кісінің алдына келіп былай дейді:

– Бұл заманда ерен болған әулие көрсете аласың ба?

– Көшеге шығып көрейік!

Көшеге шығып кәміл бір кісінің ет сататын дүкеніне келіп бір оққа (1283 гр) ет сұрайды. Етті қолына алуымен:

– Бұл ет тым майлы екен, ұнатпадым,- дейді.

Қасапшы басқа бір еттен кесіп береді. Бұл жолы да «Жақсы бірақ, сүйегі көптеу болып кетті» дейді. Осы сияқты сөздермен бір қойдың етін әбден бөлшектеп болған соң қасапшыға былай дейді:

– Бұны да ұнатпадым, бүгін ет алмаймын деп шештім,- дейді. Қасапшы да кешірім сұрап:

– Айыпқа бұйырмаңыз, сізге лайық ет таба алмадым. Иншаллаһ басқа бір күні қалағаныңыздай ет тауып берермін,- дейді.

Кейін мата сататын дүкенге барады. Кәміл кісі сәлем бергеннен кейін бір топ орам маталарды көрсетіп:

– Мыналардың ішінен біреун түсір, 6 аршын (шамамен 4 м) қылып қырқ, ақшасын кейін беремін,-дейді. Сатушы оған былай дейді:

– Ондай сауда-саттық болмайды. Алдымен маталардың бірін таңдайсың, кейін бағасын сұрап қабыл етесің, одан кейін ақшасын қашан төлейтініңді айтасың. Мен сендердің етін парша-парша еттіріп, кейін ұнатпадым деп шығып кеткен қасапшы емеспін.

Ол жерден шығып, кәміл кісі жанындағы адамнан сұрайды:

– Сенің ойыңша бұлардың қайсысы үлкен дәрежелі әулие?

– Әулиелерге дәреже тағайындайтын жағдайым жоқ. Бірақ менің түсінгенім мынау болды. Мата сатушысының сауда-саттыққа қатысты таразысы бар. Соған қарай әрекет етеді. Әрі келеңсіз саудаға жол бермейді, әрі күнәға да кірмейді. Діннің әмірлері бойынша әрекет етеді. Қасапшы болса тасаууф халдерінің дариясында жүрген адам.

Кейін кәміл кісі былай деді: 

– Енді қасапшыға барайық, бөлшектеткен еттерімізді одан сатып алайық, зиян көрмесін, ақысын халал етуін (кешіруін) сұрайық.