Untitled Document

Рамазан сұхбаты - Сұхбат дегеніміз не

Сұхбат бірге болу деген сөз. Адамның дәреже тұрғысынан өзінен үстем немесе төмен немесе тең адаммен бір жерге келіп Аллаһу та’аланың және пайғамбарымыздың ұнатқан нәрселері туралы айту дегенді білдіреді.

Ғалымдарымыз былай деген:

«Сұхбаттың мәртебесі бүкіл мәртебелердің үстінде. Ұлылардың сұхбатын үлкен ғанибет деп білу керек.» (Мәктубати Раббани)

«Біздің жолымыздың негізі сұхбат» (Бахауддин Бұхари)

Әулиенің сұхбатының бір сағаты қырық күндік нәпсімен жиһадтан да үстем. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Қырық күн ішінде бір ілім сұхбатында болмаған адамның көңілі қараяды. Үлкен күнә істей бастайды, өйткені ілім көңілге өмір береді. Ілімсіз ғибадат болмайды.» (Мәктубати Раббани)

«Фиқһ сұхбатында болу бір жылдық ғибадаттан да үстем» (Дәйләми)

«Ғалымардың сұхбатына қатысыңдар, оларға жақын отырыңдар! Өйткені Аллаһу та’ала жаңбырмен өлі топырақты тірілткендері сияқты, өлі көңілдерді де хикмет нұрымен тірілтеді.» (Табарани)

«Ғалымдарға құрмет еткен адам маған құрмет еткен болады. Оларды зиярат еткен адам мені зиярат еткен болады. Ғалымның мәжілісінде болған адам менің мәжілісімде болған болады.» (И. Рафии)

«Ғалымның сұхбатында болу мың рәкат нәпіл намаздан да үстем.» (И. Ғазали)

«Бір рет салих кісінің сұхбатында болу, қаншама рет жаман адамдардың сұхбаттарында болудың күнәларына кәффарат (кешірім) болады.» (Дәйләми)

Сұхбат жүргізетіндей ғалым болмаған кезде бұрын өмір сүрген әһли сүннет ғалымдарының кітаптарын оқу керек. Бір ғалымның кітабын оқыған адам жартылай онымен сұхбаттасқан болады.