Untitled Document

Рамазан сұхбаты - Су берген сусыз қалмайды

Сахабалар былай деген: Йа Расулаллаһ! Ораза ұстаған бір адамға аузашар беріп тойдыра алатындай барлығымыз бірдей бай емеспіз. Пайғамбар “алейһиссәләм”: «Бір құрмамен аузашар бергенге де, тек сумен ауыз аштырғанға да, сүт бергенге де осы сауап беріледі. Бұл сондай ай: алғашқы күндері – рахмет, ортасы – кешірім мен мағфирет, соңы – тозақтан азат болу. Бұл айда, қол астындағыларының (жұмысшы, қызметші, әскер, оқушы т.б) міндеттерін жеңілдеткендерді (директорлар, қолбасшылар, капитандар т.б) Аллаһу та’ала кешіріп, тозақ отынан құтқарады. Бұл айда төрт нәрсені көп жасаңдар! Бұлардан екеуін Аллаһу та’ала өте жақсы көреді. Бұлар: шәһәдәт кәлимасын айту және истиғфар ету. Ал қалған екеуін әрқашан орындауларың керек. Бұлар: Аллаһу та’аладан жұмақты тілеу және тозақ отынан сиыну. Бұл айда, ораза тұтқан бір адамға су берген адам, қиямет күні сусыз қалмайды.»

Рамазан сұхбаты - Ауызашар дұғасы

Күн батқаны анық болғаннан кейін алдымен әузу-бисмиллә айтып: «Аллаһуммә йа уаси'әл-мағфираһ иғфирли уә ли-уалидаййә уә ли-устазиййә уә лил-мумининә уәл муминат йәумә йақумул хисаб» дұғасы оқылады. (Ей кешірімі мол Аллаһым! Қиямет күні есепке тартқанда мені, ата-анамды, ұстазымды, ер-әйел бүкіл мұсылмандарды ғафу ет) деген мағынаны береді.

Бір-екі жұтымдық нәрсе жегенсоң «Зәһәбәззамаъ уәбтәлләтил уруқ уә сәбәтәл ажр иншааллаһу таала» дұғасын оқып, тамақ ішуді бастайды. Бұл ифтпар дұғасының мағынасы мыннадай: (Аштық бітті. тамырларымыздың сумен қауышу уақыты жетті. Иншааллаһ сауап жазылды).

Рамазанда мынадай дұға етуге де болады: Йа рабби, рамазан шәрифтің шапағатына жеткіз! Рамазан шәриф айында кешіріп, тозақ отынан азат еткен құлдарың арасына бізді де қос!