Untitled Document

Рамазан сұхбаты - Таңсәрі уақыты

Таңсәрі уақыты түннің соңғы алтыдан бірі. Күннің батуы мен таң уақыты арасындағы уақытты алтыға бөліп, таң уақытынан шығарып, табылады. Бұл уақыт қыста таң атудан 2 сағат, жазда 1 сағат бұрын басталады. Ораза тұту үшін сәрі ішуге тұрған уақыт таңсәрі уақытына тура келеді.

Зарият сүресінің 17-18-аяттарында «Олар түнде өте аз уақыт ұйықтайды, таңсәріде тәубе етеді” делінген.

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Үш дауысты Аллаһу та’ала жақсы көреді: зікір еткен адамның дауысы, Құран Кәрім оқыған адамның дауысы және таңсәріде тәубе еткен адамның дауысы».

«Түнде таңсәрі уақытында және намаздардан кейін жасалған дұға қабыл болады».

Таңсәрі уақытында тәубе етіп, дұға оқу керек, қаза намаздарын оқып бітіруге тырысу керек.

Суфйан Сәури былай дейді: «Түн сайын «Аллаһқа ғибадат жасайтындар жоқ па, тұрсын” деген дауыс шығады. Тақуалар тұрып, таңсәріге дейін ғибадат жасайды. Таңсәрі уақыты келгеннен кейін «Тәубе ететіндер жоқ па?” делінеді. Олар да тұрып, тәубе етеді. Таң намазының уақыты кіргеннен кейін немқұрайлылардан тұратыны жоқ па?  делінеді. Олар өліктердің мазардан тұрғаны сияқты тұрады.