Рамазан сұхбаты - Фарздардың маңызы
Фарз ғибадаттың жанында нәпіл ғибадаттардың қадірі жоқтың қасы. Ал малғұн шайтан Мұсылмандарды алдап фарздарды кішірейтіп көрсетуде. Қазаларын орындатпай нәпілдермен алдандыруда. Зекетті бергізбей садақаларды әдемі етіп көрсетуде. Ал негізі зекет ниетімен берілген бір алтынның сауабы, садақа ниетімен берілген жүз мың алтыннан да көп. Өйткені зекет беру фарз. Зекет ниеті болмай берілсе нәпіл болып есептеледі.
Заманымыздың мұсылмандары фарздарды тастап нәпіл ғибадаттармен әуре. Мәселен мәуліт оқуға, мешіт салдыруға, қайырымдылық шараларға, садақа беруге мән беріп фарздарға мәселен бес уақыт намаз оқуға, қасиетті Рамазан айында ораза тұтуға, зекет беруге, қарызын қайтаруға, халал-харамдарды үйренуге жеңіл желпі қарауда.
Садақа және қайырымдылықтардың көбі абыроймен құрметке бөлену және нәпсінің шәхуаттарын қандыру үшін болады. Ал фарздар орындалғанда араға рия (ел көрсін деген ниет) араласпайды.
Кәпірлердің, мүртедтердің мақсаттарына жету үшін дінге сай амалдар жасауы ахыретте оларға пайда бермейді. Өйткені олар иман етпеген.
Ғибадаттардың ең құндысы фарздар. Бұлардан кейін Шафи мәзһабында сүннет намаздар, Ханбелиде Жихад, Ханафи және Маликиде ілім үйрену және үйрету және жихад.
Нәпіл ғибадаттардың қадірі фарз ғибадаттардың жанында, Мұхиттың жанындағы бір тамшыдай бола алмайды. Фарз қазасы бар адамның сүннетпен айналысуы, қарызы бар адамның қарыз иесіне сыйлық беруіне ұқсайды.