Untitled Document

Рамазан сұхбаты - Дүмшелер оразаны «бұзады» (2)

Төрт мазһабта және бүкіл мүжтәһид имамдардың айтуы бойынша: жараға жағылған май (мазь) жауфқа, яғни асқазанға баратын болса ораза бұзылады. Шафии мазһабында ми, іш, бауыр, қуық - жауф болып саналады. Мысалы: бас сүйегі жарылса, мұндағы жараға жағылатын май миға баратындықтан ораза бұзылады.

Шафии мазһабында ішке пышақ кірсе, пышақтың ұшы асқазанға, яғни жауфқа кіргендіктен ораза бұзылады. Сау теріден пышақ кіргенде ораза бұзылғаны сияқты, ине (укол) арқылы бұлшық етті немесе тамырды тесіп берілетін дәрі де жауфқа барғанда ораза бұзылады. Қазір медицинада телудің (прививка) қуыққа, миға және дененің барлық ағзасына баратындығы нақты белгілі. Олай болса укол алу төрт мазһабта да оразаны бұзады. Тек қазасын ұстап беру керек болады. Медицина тамырдан немесе бұлшық еттен берілетін дәрінің миға және қуыққа баратынын айтып тұрғанда «укол мен егілген дәрі ми немесе қуыққа бармайды» деп ешкім айта алмайды. Айтса да ғылыми дәлелсіз, өз ойынан шығарған болады. [Жоғарыда жазылған Ханафи мазһабына қатысты мәліметтер Тахтауи, Мәбсут, Бәдаи және сол сияқты кітаптардан алынған. Шафии мазһабына қатысты мәліметтер Маджму, Муғнил-мухтадж, Тухфа, Әнуар, Куммәсра, Баджури, Шәрхи ибни Баджури сияқты сенімді кітаптардан алынған.]

Оқиға -

Абдуллаһ бин Муртаиш хазірет бір жылы Рамазан айының соңғы он күнінде бір мешітке кітір итикаф жасай бастайды. Бірақ бірнеше күн өтпей итикафты тастап, мешіттен шығып кетеді. Себебін сұрағандарға былай деп жауап береді: «Мешітте кейбір адамдардың рия менен, халыққа көрсету үшін ғибадат етіп, Құран кәрім оқығандарына күә болдым. Бұл жағдайлары себепті оларға келетін бәледен қорқып, мешіттен шықтым.»