Untitled Document

Рамазан сұхбаты - Оразаның парыздары

Бір ғибадатты жасаған кезде ол ғибадаттың парыздарын, уәжіптерін, сүннеттерін, мәкрухтарын және муфсидтерін, яғни бұзатын себептерін білу керек.  Бұларды білмесе жасаған ғибадаты дұрыс болмайды.

Сондықтан да оразаның парыздарын, мәкрухтарын және муфсидтерін, яғни оразаны бұзатын және бұзбайтын себептерді жақсылап үйреніп алу қажет. Оразаны бұзбайтын, бірақ сауабын азайтатын нәрселерден де сақтану керек.

Орзаның парызы үш:

  1. Ниет ету.
  2. Ниетті алғашқы және соңғы уақыт арасында жасау.
  3. Таңнан күн батқанша оразаны бұзатын нәрселерден сақтану.

Хадис шәрифтерде былай бұйырылды:

«Бес нәрсе оразаның сауабын жояды: Өтірік айту, сөз тасу, ғайбат, басқа әйелге құмарлықпен қарау және жалған ант ішу».

«Бір адам рамазан айында ораза тұтуды парыз деп біліп, оразаның сауабын Аллаһу та’аладан күтсе, өткен күнәлары кешіріледі».

Демек, оразаның Аллаһтың бұйрығы екендігіне сену және сауап күту қажет.